Батыс Қазақстан облысының 2025 жылғы қаңтар-қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

2025 жылғы қаңтар-қыркүйектегі өнеркәсіп өнімдері 2802,0 млрд. теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі – 104,7%.

Тау-кен өндірісі саласында нақты көлем индексі 103,7%, өңдеу саласында 120,8% құрады.

Газ өндірісінің көлемі 19312,8 млн. текше метр құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңінен 11,1%-ке көп, газ конденсаты – 9440,8 мың тонна немесе 104,2%.

Дайын металл бұйымдары – 6,8 есе, мұнайды қайта өңдеу өнімдері – 2,0 есе, машина жасау – 6,5%-ке, тамақ өнімдері – 4,7%-ке өсуі байқалады.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 240,7 млрд. теңге немесе 2024 жылдың тиісті кезең деңгейіне 105,8% құрады.

Негізгі капиталға инвестициялар 483,2 млрд. теңге құрады, бұл 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек деңгейінен 4,0%-ке артық.

2025 жылы жалпы сомасы 56,9 млрд. теңгеге 837 жұмыс орын құрумен 35 жоба іске асырылуда.

Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 2025 жылдың 1 қазанына 2,7%-ке өсті және 59,4 мың бірлікті құрады.

ШОБ субъектілерімен 2025 жылдың қаңтар-маусымында 1347,8 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңінен 1,0%-ке көп.

427,8 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2024 жылғы қаңтар-қыркүйекке 102,2%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 231,0 млрд. теңге құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезең деңгейінен 6,0%-ке көп.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 445,7 млрд. теңге, 2024 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 101,0% құрады.

ЕАЭО елдер есебімен сыртқы сауда айналымы 2025 жылғы қаңтар-тамыз айында 5189,7 млн. АҚШ долларын құрап, 2024 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 3,1%-ке төмендеді.

Көлік қызметінің көлемі 166,7 млрд. теңгені немесе 101,2% құрады. 28,2 млн. тонна жүк және 45,2 млн. жолаушы тасымалданды немесе 2024 жылдың тиісті кезең деңгейіне сәйкесінше 121,3% және 86,2%.

Инфляцияның жалпы деңгейі (2024 жылғы желтоқсанға) 110,6% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 10,8%-ке өсті, азық-түлік емес тауарлар – 7,0%-ке, ақылы қызметтер – 14,1%-ке.

Мемлекеттік бюджетке 430,0 млрд.теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсті (болжамға – 86,3%), соның ішінде республикалық бюджетке – 249,1 млрд. теңге (72,5%), жергілікті – 180,9 млрд. теңге (117,2%).

Жұмыс күші санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі – 4,7%. Есепті кезеңде 12727 жұмыс орны құрылды, 11845 адам жұмысқа орналастырылды.

2025 жылғы қаңтар-маусымда орташа айлық еңбекақы 369 595 теңге құрады немесе 2024 жылғы сәйкесінше деңгейіне 107,3%.

 

Дата публикации
23 октября 2025