Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2026-2028 жылдарға арналған болжамы

Болжам стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдаған 2026-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың базалық сценарийі негізінде, өңірдің экономикалық ерекшеліктері мен өткен жылдардағы өсім динамикасы ескеріле отырып қалыптастырылды. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы, еліміздің дамуының негізгі бағыттары есебімен әзірленді.

Болжамда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2026-2028 жылдарға арналған тенденциялары, басымдықтары, нысаналы индикаторлары және көрсеткіштері, тәуекелдері, экономикалық, бюджеттік саясаттың негізгі бағыттары мазмұндалды.

Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2026-2028 жылдарға арналған болжамына 2025 жылғы 15 наурыздағы №171-VII Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (51-бап), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Қазақстан Республикасының Заңы (27-бап), «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамының, оның ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының бөлімдерін әзірлеу қағидалары, мерзімдері және құрылымын бекіту туралы» 2025 жылғы 27 мамырдағы №35 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің бұйрығы негіз болып табылады.

Болжам
Дата публикации
16 октября 2025