Батыс Қазақстан облысының 2025 жылғы қаңтар-тамыздағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

2025 жылғы қаңтар-тамыздағы өнеркәсіп өнімдері 2470,5 млрд. теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі – 106,5%.

Тау-кен өндірісі саласында нақты көлем индексі 105,5%, өңдеу саласында 122,8% құрады.

Газ өндірісінің көлемі 17755,5 млн. текше метр құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңінен 12,9%-ке көп, газ конденсаты – 8641,8 мың тонна немесе 105,6%.

Дайын металл бұйымдары – 7,5 есеге, машина жасау – 10,4%-ға, мұнайды қайта өңдеу өнімдері – 2,0 есеге, жиһаз өндірісі – 12,4%-ға, тамақ өнімдері өндірісінің – 4,0%-ға өсуі байқалады.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 179,3 млрд. теңге немесе 2024 жылдың тиісті кезең деңгейіне 105,5% құрады.

Негізгі капиталға инвестициялар 393,4 млрд. теңге құрады, бұл 2024 жылғы қаңтар-тамыз деңгейінен 5,4%-ке артық.

2025 жылы жалпы сомасы 56,9 млрд. теңгеге 837 жұмыс орын құрумен 35 жоба іске асырылуда.

Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 2025 жылдың 1 қыркүйегіне 3,3%-ке өсті және 59,7 мың бірлікті құрады.

ШОБ субъектілерімен 2025 жылдың қаңтар-наурызында 663,7 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңінен 2,7%-ке көп.

329,6 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2024 жылғы қаңтар-тамызына 102,5%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 180,5 млрд. теңге құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезең деңгейінен 37,5%-ке көп.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 389,5 млрд. теңге, 2024 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 101,6% құрады.

ЕАЭО елдер есебімен сыртқы сауда айналымы 2025 жылғы қаңтар-шілде айында 4637,9 млн. АҚШ долларын құрап, 2024 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 1,5%-ке төмен.

Көлік қызметінің көлемі 148,1 млрд. теңгені немесе 101,7% құрады. 25,3 млн. тонна жүк және 39,9 млн. жолаушы тасымалданды немесе 2024 жылдың тиісті кезең деңгейіне сәйкесінше 124,9% және 84,5%.

Инфляцияның жалпы деңгейі (2024 жылғы желтоқсанға) 109,1% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 9,4%-ке өсті, азық-түлік емес тауарлар – 5,7%-ке, ақылы қызметтер – 12,5%-ке.

Мемлекеттік бюджетке 398,3 млрд.теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсті (болжамға – 90,7%), соның ішінде республикалық бюджетке – 233,6 млрд. теңге (78,1%), жергілікті – 164,7 млрд. теңге (117,6%).

Жұмыс күші санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі – 5,4%. Есепті кезеңде 10571 жұмыс орны құрылды, 10423 адам жұмысқа орналастырылды.

2025 жылғы қаңтар-маусым орташа айлық еңбекақы 378851 теңге құрады немесе 2024 жылғы сәйкесінше деңгейіне 110,7%.

Дата публикации
23 сентября 2025