«Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы»мемлекеттік мекемесі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінеішкі талдау нәтижелері бойынша
анықтама
06 маусым2025 жыл Орал қаласы
Талданатын объект: «Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі(бұдан әрі Басқарма).
Мекенжайы:
Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы басшысының 2025 жылғы 24 сәуірдегі №22-НҚ бұйрығы негізінде Басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы келесідей құрылды:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау өткізу мерзімі: 05.05.2025 ж – 04.06.2025 ж.
Талдау кезеңі: 20.06.2024 ж.- 04.05.2025 ж.
Басқарма 2 бөлімнен тұрады:
Экономикалық талдау және стратегиялық жоспарлау бөліміжәне Өңірлік даму бөлімі.
Басқармада ведомстволық мекемелер жоқ.
Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің штаттық саны - 17, нақты саны - 17.
Талдау кезеңінде атқарып отырған лауазымынан босатылған мемлекеттік қызметшілер саны – 2 (ротация тәртібімен басқа мемлекеттік органға ауысуына байланысты – 1, зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты – 1).
Талдау кезеңінде жалпы конкурс қорытындысы бойынша 2 адам (экономикалық талдау және стратегиялық жоспарлау бөлімінің бас маманы – АхметоваДинараКайырбековна, экономикалық талдау және стратегиялық жоспарлау бөлімінің бас маманы – Айтасов Ержан Кыдыргалиевич), ауысу тәртібімен 2 адам (басқарма басшысының орынбасары – Раджапова Фарида Токтасыновна,экономикалық талдау және стратегиялық жоспарлау бөлімінің бас маманы – Исаев БауыржанДжардемович)тағайындалды.
Талданып отырған кезеңде басқарманың мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтар жасау фактілері орын алған жоқ.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйым салуларды бұзу фактілері анықталған жоқ.
Қызметкерлерге сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу мәселелері ашық жүргізіледі.Талдау кезеңінде қызметкерлер тарапынан шағымдар болған жоқ.
Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілмен ұжым арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Ережеге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету Басқарманың құзыреттілігіне кірмейді.
4.Рұқсат беру функцияларын іске асырумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Ережеге сәйкес рұқсат беру функциясы Басқарманың құзыреттілігіне кірмейді.
Ережеге сәйкес бақылау-тексеру функциясы Басқарманың құзыреттілігіне кірмейді.
Есептелген жалақының еңбекақы төлеуді реттейтін заңнамаға сәйкестігі.
Талдау жалақыны есептеу бекітілген штат кестелеріне сәйкес жүзеге асырылатындығын анықтады.
Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақыларды әлеуметтік салықтан тиісті шегерім жүзеге асырылады.
Демалыстарды есептеу кезінде орташа жалақыны есептеу көтеру коэффициентін ескере отырып жүзеге асырылады.Жалақыны есептеу кезінде кемшіліктер анықталған жоқ.
Бекітілген мемлекеттік сатып алудың 2024 жылға арналған бастапқы жоспары көрсеткіштерінің «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң нормаларына сәйкестігі.
Басқарманың 2024 жылға бекітілген жоспарына сәйкес 8222,7 мың теңге қарастырылды, соның ішінде 6 айға жоспарланғаны 2768,7 мың. теңге, игерілгені2768,7 мың теңге(100%) құрады.
Басқарманың 2025 жылға бекітілген жоспарына сәйкес 16999,3 мың теңге қарастырылды соның ішінде 5 айға жоспарланғаны 14155,8 мың. теңге, игерілгені 1152,8 мың теңге (8,1 %) құрады.
Негізгі құралдардың сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз ету.
Басқарманың 23.12.2024 жылғы №60-нк бұйрығына сәйкес негізгі құралдарға түгендеу жүргізілді.Қолданылатын тозу нормаларының негізгі ауытқуларға сәйкестігін талдау арқылы анықталған жоқ.
Салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетпен есеп айырысулардың сәйкестігі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №3932 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының(бұдан әрі-Қағидалар) 2-тараудың 15-тармағына сәйкес, мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік қызмет Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп саласындағы заңнамасының сақталуын бақылау үшін мемлекеттік органдарды толық және анық ақпаратпен қамтамасыз етуге, мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігі, қаржыландыру жоспарының орындалу барысы, ұйымдармен, мемлекеттік мекемелермен және тұлғалармен есеп айырысу жағдайы, ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуытиіс.Салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша бюджетпен есеп айырысу кезінде кемшіліктер анықталған жоқ.
Талданып отырған кезеңде Басқарма жалпы сомасы 3364,1мың теңгеге 14мемлекеттік сатып алу жүргізді. Оның ішінде келесі тәсілдермен:
1) Баға ұсыныстарын сұрау 931,7 мың теңге сомасына 8 сатып алу;
2) Өткізілмегенсатыпалуларбойыншабіркөзден2432,4мыңтеңгесомаға6 сатып алу.
Мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды. Басшылық және мекеме қызметкерлер тарапынанмемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.
Басқарма өз қызметінде «Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Ақпараттандыру туралы Қазақстан Республикасының Заңы, өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Талданып отырған кезеңде Басқармаға жеке және заңды тұлғалардан барлығы 23жолданым келіп түсті. 19 жолданым қаралды, 4 жолданым уәкілетті әкімшілік органға жолданды.
Сұрақтардың сипаты бойынша өтініштер келесі негізгі топтар бойынша құрылады:
- әкімшілік-аумақтық құрылыс бойынша;
- ішкі саясат мәселелері бойынша (бұқаралық ақпарат құралдары);
- мемлекеттік сатып алу, аудит және қаржылық бақылау мәселелері бойынша;
- білім берудің жалпы және басқа да мәселелері бойынша;
- білім мәселелері бойынша (оқыту курстары);
- «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша;
- еңбек қатынастары (кадр мәселелері);
- халықты жұмыспен қамту (халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмысқа орналастыру).
Талдау барысында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін бұзу фактілері анықталған жоқ.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Талдау нәтижесі қаржы-шаруашылық қызметте сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берілгенін көрсетті.
Басқарма басшысы Б. Конысбаева
Жұмыс тобының мүшелері:
|
|
А.А. Байгазиев
|
|
|
Р.Ж. Еркегалиева
|
|
|
Ж.К. Валиева
А.Б. Казенова
|
|
|
Б.Д. Исаев |