2025 жылғы қаңтар-маусымдағы өнеркәсіп өнімдері 2239,8 млрд. теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі – 106,0%.
Тау-кен өндірісі саласында нақты көлем индексі 105,1%, өңдеу саласында 121,2% құрады.
Газ өндірісінің көлемі 15527,3 млн. текше метр құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңінен 12,0%-ке көп, газ конденсаты – 7563,1 мың тонна немесе 104,9%.
Дайын металл бұйымдары – 8,0 есе, мұнайды қайта өңдеу өнімдері – 2,2 есе, тамақ өнімдері – 5,1%-ке өсуі байқалады.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 138,7 млрд. теңге немесе 2024 жылдың тиісті кезең деңгейіне 106,0% құрады.
Негізгі капиталға инвестициялар 320,2 млрд. теңге құрады, бұл 2024 жылғы қаңтар-шілде деңгейінен 8,2%-ке артық.
2025 жылы жалпы сомасы 56,9 млрд. теңгеге 837 жұмыс орын құрумен 35 жоба іске асырылуда.
Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 2025 жылдың 1 тамызына 1,8%-ке өсті және 59,2 мың бірлікті құрады.
ШОБ субъектілерімен 2025 жылдың қаңтар-наурызында 663,7 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңінен 2,7%-ке көп.
259,4 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2024 жылғы қаңтар-шілдесіне 102,1%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 143,1 млрд. теңге құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезең деңгейінен 33,4%-ке көп.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 334,3 млрд. теңге, 2024 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 102,6% құрады.
ЕАЭО елдер есебімен сыртқы сауда айналымы 2025 жылғы қаңтар-маусым айында 3667,6 млн. АҚШ долларын құрап, 2024 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 1,5%-ке артты.
Көлік қызметінің көлемі 130,2 млрд. теңгені немесе 103,2% құрады. 22,5 млн. тонна жүк және 34,9 млн. жолаушы тасымалданды немесе 2024 жылдың тиісті кезең деңгейіне сәйкесінше 130,8% және 82,4%.
Инфляцияның жалпы деңгейі (2024 жылғы желтоқсанға) 107,6% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 8,7%-ке өсті, азық-түлік емес тауарлар – 4,6%-ке, ақылы қызметтер – 9,1%-ке.
Мемлекеттік бюджетке 350,4 млрд.теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсті (болжамға – 94,1%), соның ішінде республикалық бюджетке – 208,7 млрд. теңге (84%), жергілікті – 141,7 млрд. теңге (114,2%).
Жұмыс күші санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі – 5,0%. Есепті кезеңде 9426 жұмыс орны құрылды, 9016 адам жұмысқа орналастырылды.
2025 жылғы қаңтар-маусымда орташа айлық еңбекақы 369 595 теңге құрады немесе 2024 жылғы сәйкесінше деңгейіне 107,3%.