Батыс Қазақстан облысында "Қаладан-ауылға пилоттық жобасы арқылы қалай, қай ауылдардан үй беріледі?
Батыс Қазақстан облысында 2024–2026 жылдары жүзеге асырылып жатқан «Қаладан – ауылға» пилоттық жобасы аясында, қала тұрғындарын ауылдық жерлерге қоныс аударуға ынталандыру мақсатында бірқатар шаралар қарастырылған.
Қоныс аударушыларға ұсынылатын қолдау шаралары:
1-бағыт бойынша мемлекеттік қолдау шаралары мемлекеттік бағдарламалар және жобалар шеңберінде көрсетіліп келеді.
Ауылдың кадрлық әлеуетін жақсарту және қамтамасыз ету үшін "Дипломмен ауылға!" жобасы аясында (2025 жылы мамандарға көтерме жәрдемақы - 393,2 мың теңге (100 АЕК), тұрғын үй сатып алу/салу үшін аудан орталықтарына келген мамандар үшін 9 830 мың теңге (2500 АЕК), ауылдық елді мекендерге 7 864 мың теңге (2000 АЕК) құрайды).
Ауылдық елді мекендерге медициналық кадрларды тарту үшін медициналық және фармацевтикалық мамандарға 1,0 млн. теңгеден 8,0 млн. теңгеге дейін мөлшерде біржолғы төлем төлеу қарастырылды.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша мемқолдау көрсету, ауданның тұрғын үй қоры есебінен, ҚР заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Жобаның жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу шаралары – 2-бағыты бойынша:
- қоныс аударушыларға "Ауыл аманаты" жобасы аясында қолдау көрсетіледі;
- жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беріледі;
- қосалқы шаруашылық жүргізуге арналған жер учаскелері беріледі;
- 2,5 пайыздан аспайтын жастарға шағын несие беріледі.
Сонымен қатар, қоғамдық жұмыстар, жастар тәжірибесі, жалақыны субсидиялау, «Бірінші жұмыс орны» жобасы, «Ұрпақтар келісімшарты», «Күміс жас» аясындағы жұмыспен қамту, кәсіптік оқыту шаралары көзделген.
Қоныс аударушыларға қойылатын талаптар:
Қоныс аударуға ниет білдірушілер үшін: «qoldau.bkogov.kz» арнайы сайты арқылы өтініш бере алады, сонымен қатар аудандардың әкімдері аппараттарына жүгінуге болады. Жобаның іске асырылуына аудандардың әкімдері аппараттары жауапты. Жеке қабылдауына жазылу арқылы, Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты жанындағы азаматтарды қабылдау орталығында қосымша ақпарат алуға болады.