2025 жылғы қаңтар-маусымдағы өнеркәсіп өнімдері 1897,9 млрд. теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі – 107,3%.
Тау-кен өндірісі саласында нақты көлем индексі 106,2%, өңдеу саласында 124,8% құрады.
Газ өндірісінің көлемі 13485,7 млн. текше метр құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңінен 13,1%-ке көп, газ конденсаты – 6551,5 мың тонна немесе 105,9%.
Дайын металл бұйымдары – 10,7 есе, мұнайды қайта өңдеу өнімдері – 2,3 есе, басқа металл емес минерал өнімдер – 19,9%-ке, металлургия өнеркәсібі өнімдері – 10,8%-ке, машина жасау – 16,3%-ке, тамақ өнімдері – 6,7%-ке өсуі байқалады.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 97,7 млрд. теңге немесе 2024 жылдың тиісті кезең деңгейіне 103,0% құрады.
Негізгі капиталға инвестициялар 254,4 млрд. теңге құрады, бұл 2024 жылғы қаңтар-маусым деңгейінен 6,6%-ке артық.
2025 жылы жалпы сомасы 56,9 млрд. теңгеге 837 жұмыс орын құрумен 35 жоба іске асырылуда.
Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 2025 жылдың 1 шілдесіне 1,0%-ке өсті және 58,6 мың бірлікті құрады.
ШОБ субъектілерімен 2025 жылдың қаңтар-наурызында 663,7 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңінен 2,7%-ке көп.
215,3 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2024 жылғы қаңтар-маусымына 106,1%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 115,4 млрд. теңге құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезең деңгейінен 39,4%-ке көп.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 279,6 млрд. теңге, 2024 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 103,0% құрады.
ЕАЭО елдер есебімен сыртқы сауда айналымы 2025 жылғы қаңтар-мамыр айында 3434,1 млн. АҚШ долларын құрап, 2024 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 5,0%-ке артты.
Көлік қызметінің көлемі 111,2 млрд. теңгені немесе 102,4% құрады. 19,6 млн. тонна жүк және 30,1 млн. жолаушы тасымалданды немесе 2024 жылдың тиісті кезең деңгейіне сәйкесінше 134,8% және 79,8%.
Инфляцияның жалпы деңгейі (2024 жылғы желтоқсанға) 107,3% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 8,2%-ке өсті, азық-түлік емес тауарлар – 4,4%-ке, ақылы қызметтер – 9,0%-ке.
Мемлекеттік бюджетке 309,0 млрд.теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсті (болжамға – 99,0%), соның ішінде республикалық бюджетке – 183,1 млрд. теңге (88,7%), жергілікті – 125,9 млрд. теңге (119,0%).
Жұмыс күші санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі – 5,0%. Есепті кезеңде 7897 жұмыс орны құрылды, 7379 адам жұмысқа орналастырылды.
2025 жылғы қаңтар-наурызда орташа айлық еңбекақы 361 848 теңге құрады немесе 2024 жылғы сәйкесінше деңгейіне 104,7%.