Батыс Қазақстан облысының 2025 жылғы қаңтар-мамырдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

 

Батыс Қазақстан облысының 2025 жылғы қаңтар-мамырдағы

әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

 

2025 жылғы қаңтар-мамырдағы өнеркәсіп өнімдері 1596,6 млрд. теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі – 105,8%.

Тау-кен өндірісі саласында нақты көлем индексі 104,4%, өңдеу саласында 128,6% құрады.

Газ өндірісінің көлемі 11329,9 млн. текше метр құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңінен 10,3%-ке көп, газ конденсаты – 5497,2 мың тонна немесе 104,2%.

Дайын металл бұйымдары – 12,7 есе, мұнайды қайта өңдеу өнімдері – 2,4 есе, басқа металл емес минерал өнімдер – 29,5%-ке, металлургия өнеркәсібі өнімдері – 12,8%-ке, машина жасау – 16,1%-ке, тамақ өнімдері – 6,4%-ке өсуі байқалады.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 67,5 млрд. теңге немесе 2024 жылдың тиісті кезең деңгейіне 101,8% құрады.

Негізгі капиталға инвестициялар 193,5 млрд. теңге құрады, бұл 2024 жылғы қаңтар-мамыр деңгейінен 6,9%-ке артық.

2025 жылы жалпы сомасы 55,4 млрд. теңгеге 687 жұмыс орын құрумен 34 жоба іске асырылуда.

Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 2025 жылдың 1 маусымына 1,1%-ке өсті және 58,3 мың бірлікті құрады.

ШОБ субъектілерімен 2024 жылдың қаңтар-желтоқсанында 2762,1 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңінен 9,3%-ке көп.

166,3 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2024 жылғы қаңтар-мамырына 101,9%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 74,7 млрд. теңге құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезең деңгейінен 28,6%-ке көп.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 224,7 млрд. теңге, 2024 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 103,5% құрады.

ЕАЭО елдер есебімен сыртқы сауда айналымы 2025 жылғы қаңтар-сәуір айында 2711,7 млн. АҚШ долларын құрап, 2024 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда 3,2%-ке артты.

Көлік қызметінің көлемі 92,8 млрд. теңгені немесе 102,5% құрады. 16,6 млн. тонна жүк және 25,1 млн. жолаушы тасымалданды немесе 2024 жылдың тиісті кезең деңгейіне сәйкесінше 133,2% және 84,0%.

Инфляцияның жалпы деңгейі (2024 жылғы желтоқсанға) 106,5% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 7,4%-ке өсті, азық-түлік емес тауарлар – 3,8%-ке, ақылы қызметтер – 7,9%-ке.

Мемлекеттік бюджетке 264,5 млрд.теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсті (болжамға – 103%), соның ішінде республикалық бюджетке – 154,3 млрд. теңге (93,2%), жергілікті – 110,2 млрд. теңге (128,2%).

Жұмыс күші санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі – 5,0%. Есепті кезеңде 6681 жұмыс орны құрылды, 6382 адам жұмысқа орналастырылды.

2025 жылғы қаңтар-наурызда орташа айлық еңбекақы 361 848 теңге құрады немесе 2024 жылғы сәйкесінше деңгейіне 104,7%.

 

Дата публикации
23 июня 2025