Батыс Қазақстан облысының 2025 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

v

Батыс Қазақстан облысының 2025 жылғы қаңтар-сәуірдегі

әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

 

2025 жылғы қаңтар-сәуірдегі өнеркәсіп өнімдері 1314,4 млрд. теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі – 104,5%.

Тау-кен өндірісі саласында нақты көлем индексі 103,0%, өңдеу саласында 130,1% құрады.

Газ өндірісінің көлемі 9066,4 млн. текше метр құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңінен 8,7%-ке көп, газ конденсаты – 4396,3 мың тонна немесе 103,1%.

Дайын металл бұйымдары – 16,3 есе, мұнайды қайта өңдеу өнімдері – 2,3 есе, басқа металл емес минерал өнімдер – 1,5 есе, металлургия өнеркәсібі өнімдері – 12,1%-ке, машина жасау – 7,0%-ке, тамақ өнімдері – 7,4%-ке өсуі байқалады.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 45,2 млрд. теңге немесе 2024 жылдың тиісті кезең деңгейіне 101,7% құрады.

Негізгі капиталға инвестициялар 148,1 млрд. теңге құрады, бұл 2024 жылғы қаңтар-сәуір деңгейінен 4,7%-ке артық.

2025 жылы жалпы сомасы 54,6 млрд.теңгеге 837 жұмыс орын құрумен 30 жоба іске асырылуда.

Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 2025 жылдың 1 мамырына 2,9%-ке өсті және 59,2 мың бірлікті құрады.

ШОБ субъектілерімен 2024 жылдың қаңтар-желтоқсанында 2762,1 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңінен 9,3%-ке көп.

125,6 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2024 жылғы қаңтар-сәуіріне 99,8%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 56,4 млрд. теңге құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезең деңгейінен 30,7%-ке көп.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 179,4 млрд. теңге, 2024 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 104,3% құрады.

ЕАЭО елдер есебімен сыртқы сауда айналымы 2025 жылғы қаңтар-наурыз айында 1991,2 млн. АҚШ долларын құрап, 2024 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 2,3%-ке артты.

Көлік қызметінің көлемі 74,6 млрд. теңгені немесе 103,7% құрады. 13,5 млн. тонна жүк және 19,8 млн. жолаушы тасымалданды немесе 2024 жылдың тиісті кезең деңгейіне сәйкесінше 130,7% және 90,7%.

Инфляцияның жалпы деңгейі (2024 жылғы желтоқсанға) 105,0% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 4,7%-ке өсті, азық-түлік емес тауарлар – 3,4%-ке, ақылы қызметтер – 7,5%-ке.

Мемлекеттік бюджетке 214,4 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер жиналды (болжамға 110,3%). Республикалық бюджетке түсімдер 124,1 млрд. теңгені құрады (болжамға 100,0%), жергілікті бюджетке – 90,3 млрд. теңге (болжамға 128,2%).

Жұмыс күші санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі – 4,8%. Есепті кезеңде 6012 жұмыс орны құрылды, 5595 адам жұмысқа орналастырылды.

2025 жылғы қаңтар-наурызда орташа айлық еңбекақы 361 848 теңге құрады немесе 2024 жылғы сәйкесінше деңгейіне 104,7%.

 

Дата публикации
23 июня 2025