Батыс Қазақстан облысының 2025 жылғы қаңтар-наурыздағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

2025 жылғы қаңтар-наурыздағы өнеркәсіп өнімдері 1030,6 млрд. теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі – 104,3%.

Тау-кен өндірісі саласында нақты көлем индексі 102,6%, өңдеу саласында 131,6% құрады.

Газ өндірісінің көлемі 6973,5 млн. текше метр құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңінен 7,7%-ға көп, газ конденсаты – 3371,4 мың тонна немесе 102,8%.

Дайын металл бұйымдары – 25,1 есе, мұнайды қайта өңдеу өнімдері – 2,2 есе, басқа металл емес минерал өнімдер – 1,7 есе, металлургия өнеркәсібі өнімдері – 14,3%-ке, машина жасау – 2,3%-ке, тамақ өнімдері – 5,1%-ке өсуі байқалады.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 29,7 млрд. теңге немесе 2024 жылдың тиісті кезең деңгейіне 102,2% құрады.

Негізгі капиталға инвестициялар 104,8 млрд. теңге құрады, бұл 2024 жылғы қаңтар-наурыз деңгейінен 2,6%-ке төмен.

2025 жылы жалпы сомасы 54,6 млрд.теңгеге 837 жұмыс орын құрумен 30 жоба іске асырылуда.

Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 2025 жылдың 1 сәуіріне 2,0%-ке артты және 58,9 мың бірлікті құрады.

ШОБ субъектілерімен 2024 жылдың қаңтар-желтоқсанында 2762,1 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңінен 9,3%-ке көп.

88,1 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2024 жылғы қаңтар-наурызына 108,8%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 40,3 млрд. теңге құрады, бұл 2024 жылдың тиісті кезең деңгейінен 20,3%-ке көп.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 134,1 млрд. теңге, 2024 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 101,1% құрады.

ЕАЭО елдер есебімен сыртқы сауда айналымы 2025 жылғы қаңтар-ақпанда 1246,4 млн. АҚШ долларын құрап, 2024 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 5,5%-ке төмендеді.

Көлік қызметінің көлемі 56,1 млрд. теңгені немесе 106,6% құрады. 10,0 млн. тонна жүк және 14,5 млн. жолаушы тасымалданды немесе 2024 жылдың тиісті кезең деңгейіне сәйкесінше 137,1% және 102,9%.

Инфляцияның жалпы деңгейі (2024 жылғы желтоқсанға) 104,0% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 2,8%-ке өсті, азық-түлік емес тауарлар – 2,9%-ке, ақылы қызметтер – 7,2%-ке.

Мемлекеттік бюджетке 161,1 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер жиналды (болжамға 116,1%). Республикалық бюджетке түсімдер 95,7 млрд. теңгені құрады (болжамға 106,0%), жергілікті бюджетке – 65,4 млрд. теңге (болжамға 135,0%).

Жұмыс күші санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі – 4,7%. Есепті кезеңде 4705 жұмыс орны құрылды, 4530 адам жұмысқа орналастырылды.

2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда орташа айлық еңбекақы 348 162 теңге құрады немесе 2024 жылғы сәйкесінше деңгейіне 110,4%.

Дата публикации
13 мая 2025