«Дипломмен - ауылға!» жобасы.

«Дипломмен - ауылға!» жобасы.

 

            Ауылдың кадрлық әлеуетін жақсарту және қамтамасыз ету мақсатында 2009 жылдан бастап «Дипломмен - ауылға!» Жобасы жүзеге асырылуда, оның аясында ауылдық елді мекендерде жұмыс істеуге және тұруға келген мамандар мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау алады.
            2025 жылы республикалық бюджеттен 300 маманға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беру үшін 2675,7 млн.теңге көзделген.Қаржыландыру 2025 жылдың тамызына ауыстырылды.

            Жергілікті бюджет есебінен ауылдық елді мекендерге келген мамандарға әлеуметтік қолдау көрсетуге 692,2 млн. теңге қаражат, оның ішінде 297,9 млн. теңге көтерме жәрдемақы бөлінді. 622 маман көтерме жәрдемақы алды,  оның ішінде педагогтар – 398, денсаулық сақтау мамандары – 110, әлеуметтік қамсыздандыру – 14, мәдениет –37, спорт –15, агроөнеркәсіптік кешен – 34 және мемқызмет – 14.

            Жалпы, 2009 жылдан 2025 жылдың 1 шілдесінедейін ауылға 10873 маман тартылды, оның ішінде 7242 мұғалім, 2005 денсаулық сақтау маманы, 171 әлеуметтік қамсыздандыру маманы, 689 мәдениет маманы, 311 спорт, агроөнеркәсіп кешені - 363 және мемқызметкерлер - 92. Әлеуметтік қолдау шараларына 4708,9 млн.теңге сомасында қаражат бөлінді.

            Әлеуметтік сала мен агроөнеркәсіптік кешеннің 5222 маманы 19236,1 млн.теңге бюджеттік несие алды.

           

 

 

 
                                                                                                                                      /cv/c

Дата публикации
30 декабря 2024