Батыс Қазақстан облысының 2024 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

Батыс Қазақстан облысының 2024 жылғы қаңтар-маусымдағы

әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

 

2024 жылғы қаңтар-маусымдағы өнеркәсіп өнімдері 1815,3 млрд. теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі – 101,0%.

Тау-кен өндірісі саласында нақты көлем индексі 108,0%, өңдеу саласында 99,4% құрады.

Газ өндірісінің көлемі 11868,0 млн. текше метр құрады, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңінен 5,7%-ға көп, газ конденсаты – 6143,2 мың тонна немесе 100,1%.

Машина жасау – 19,4%-ке, химия өнеркәсібі өнімдері – 12,8%-ке, ағаш және тығын бұйымдар – 3,9%-ке, жиһаз – 6,7%-ке,  тамақ өнімдері – 4,2%-ке, сусындар өндірісінің 2,5%-ке өсімі байқалады.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 90,5 млрд. теңге немесе 2023 жылдың тиісті кезең деңгейіне 102,8% құрады.

Негізгі капиталға инвестициялар 234,6 млрд. теңге құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-маусым деңгейінен 7,3%-ға көп.

2024 жылы 728 жұмыс орын құрумен жалпы сомасы 118,4 млрд.теңгеге 26 жоба іске асырылуда.

Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 2024 жылдың 1 шілдесіне 1,5%-ға ұлғайды және 58,0 мың бірлікті құрады.

ШОБ субъектілерімен 2024 жылдың қаңтар-наурызында 585,2 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңінен 15,8%-ға көп.

202,9 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2023 жылғы қаңтар-маусымға 73,9%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 82,1 млрд. теңге құрады, бұл 2023 жылдың тиісті кезең деңгейінен 20,0%-ға аз.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 250,3 млрд. теңге, 2023 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 100,3% құрады.

ЕАЭО елдер есебімен сыртқы сауда айналымы 2024 жылғы қаңтар-мамырда 3270,0 млн. АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 4,6%-ға артты.

Көлік қызметінің көлемі 99,7 млрд. теңгені немесе 118,6% құрады. 14,6 млн. тонна жүк және 37,7 млн. жолаушы тасымалданды немесе 2023 жылдың тиісті кезең деңгейіне сәйкесінше 98,7% және 122,1%.

Инфляцияның жалпы деңгейі (2023 жылғы желтоқсанға) 104,0% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 5,5%-ға өсті, азық-түлік емес тауарлар – 8,4%-ға, ақылы қызметтер – 13,0%-ға.

Мемлекеттік бюджетке 239,9 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер жиналды (болжамға 62,7%). Республикалық бюджетке түсімдер 130,3 млрд. теңгені құрады (болжамға 46,3%), жергілікті бюджетке – 109,6 млрд. теңге (болжамға 108,3%).

Жұмыс күші санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі – 4,6%. Есепті кезеңде 7534 жұмыс орны құрылды, 6442 адам жұмысқа орналастырылды.

2024 жылғы қаңтар-наурызда орташа айлық еңбекақы 345 722 теңге құрады немесе 2023 жылғы сәйкесінше деңгейіне 118,2%.

 

Дата публикации
18 июля 2024