Батыс Қазақстан облысының 2024 жылғы қаңтар-наурыздағы
әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат
2024 жылғы қаңтар-наурыздағы өнеркәсіп өнімдері 942,9 млрд. теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі – 105,3%.
Тау-кен өндірісі саласында нақты көлем индексі 104,6%, өңдеу саласында 110,5% құрады.
Газ өндірісінің көлемі 6438,8 млн. текше метр құрады, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңінен 12,5%-ға көп, газ конденсаты – 3253,4 мың тонна немесе 103,5%.
Резеңке және пластмасса бұйымдары – 1,7 есеге, ағаш және тығын бұйымдар – 50,3%-ке, химия өнеркәсібі өнімдері – 35,5%-ке, машина жасау – 30,4%-ке, басқа металл емес минерал өнімдер - 14,7%-ке, металлургия өнеркәсібі – 2,2%-ке, тамақ өнімдері – 5,1%-ке, сусындар өндірісінің 8,8%-ке өсімі байқалады.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 30,3 млрд. теңге немесе 2023 жылдың тиісті кезең деңгейіне 103,8% құрады.
Негізгі капиталға инвестициялар 106,6 млрд. теңге құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-наурыз деңгейінен 8,5%-ға көп.
2024 жылы 728 жұмыс орын құрумен жалпы сомасы 118,4 млрд.теңгеге 26 жоба іске асырылуда.
Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 2024 жылдың 1 сәуіріне 2,2%-ға ұлғайды және 57,7 мың бірлікті құрады.
ШОБ субъектілерімен 2023 жылдың қаңтар-желтоқсанында 2319,0 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл 2022 жылдың тиісті кезеңінен 11,7%-ға аз.
80,9 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2023 жылғы қаңтар-наурызға 76,9%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 33,3 млрд. теңге құрады, бұл 2023 жылдың тиісті кезең деңгейінен 35,5%-ға көп.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 122,7 млрд. теңге, 2023 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 101,3% құрады.
ЕАЭО елдер есебімен сыртқы сауда айналымы 2024 жылғы қаңтар-ақпанда 1319,5 млн. АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 6,4%-ға азайды.
Көлік қызметінің көлемі 48,3 млрд. теңгені немесе 120,2% құрады. 7,3 млн. тонна жүк және 14,1 млн. жолаушы тасымалданды немесе 2023 жылдың тиісті кезең деңгейіне сәйкесінше 106,5% және 90,2%.
Инфляцияның жалпы деңгейі (2023 жылғы желтоқсанға) 102,0% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 2,0%-ға өсті, азық-түлік емес тауарлар – 1,7%-ға, ақылы қызметтер – 2,4%-ға.
Мемлекеттік бюджетке 140,3 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер жиналды (болжамға 84,3%). Республикалық бюджетке түсімдер 84,5 млрд. теңгені құрады (болжамға 6,7%), жергілікті бюджетке – 55,8 млрд. теңге (болжамға 134,1%).
Жұмыс күші санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі – 4,4%. Есепті кезеңде 4139 жұмыс орны құрылды, 4253 адам жұмысқа орналастырылды.
2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда орташа айлық еңбекақы 315 277 теңге құрады немесе 2022 жылғы сәйкесінше деңгейіне 114,8%.