БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2020-2022 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

БЮДЖЕТТІ ЖОСПАРЛАУ (ҚАЛЫПТАСТЫРУ)

 ЖӘНЕ БЕКІТУ (НАҚТЫЛАУ) САТЫСЫ

 

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

 2020-2022 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

     2020-2022 жылдары Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен 4 бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру жоспарланған.

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы  1қыркүйектегі « Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13  желтоқсандағы №32-1 «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»  №37-1 шешімі.

001 «Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру мен дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2020 жылға – 150,449  млн. теңге,  2021 жылға - 148,817 млн.теңге, 2022 жылға 149,598 млн. теңге жоспарланған. Бұл бюджеттік бағдарлама экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру мен дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жергілікті деңгейде іске асыру жөніндегі шығыстарды қамтиды: еңбек ақы, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, техникалық персоналдың еңбегіне ақы төлеу, отын, жанар-жағар май материалдарын сатып алу, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу, ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарлар, өзге де қорларды сатып алу, және т.б. Басқармаға жүктелген функцияларды орындауға қажетті кадр құрамы 47,5 бірлікті құрайды, соның ішінде 41 бірлік мемлекеттік қызметшілер және 6,5 бірлік техникалық персонал.

003 «Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2020 жылға - 48,699 млн.теңге, 2021 жылға - 63,699 млн.теңге және 2022 жылға 63,699 млн.теңге жоспарланған. Бұл қаражаттар бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуге қарастырылған.

007 «Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2020 жылға 2246,723 млн.теңге жоспарланған. Бұл бағдарлама бойынша ауылдық жерлерге әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарын тарту үшін тұрғын үй сатып алуға немесе салуға жас мамандарға кредиттер беру қарастырылған. 2020  жылы облыс аудандарына 565 жас маманды тарту жоспарланған.

061 «Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия мәселелері жөніндегі құжаттаманы сараптау және бағалау»  бюджеттік бағдарламасы бойынша 2020 жылға - 43,99 млн.теңге, 2021 жылға - 78,99 млн.теңге, 2022 жылға 79,037 млн.теңге жоспарланған. Бұл қаражаттар мемлекеттік қаржының теңгерімділігін қамтамасыз етуге және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті  дамытуға қарастырылған. Бағдарламаның түпкі нәтижесі - мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы жүзеге асыруға мақұлданған мемлекеттік инвестициялық жобаларды, сонымен қатар бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға жоспарланатын облыстық бюджет шығыстарын азайту мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік концепцияларын  ұлғайту.

 

Дата публикации
04 сентября 2020