2022 жылдың 1-жартыжылында облыста өндірілген ЖӨӨ көлемі 1825,5 млрд. теңге,нақты көлем индексі 2021 жылдың деңгейіне 101,6%, жан басына шаққанда 2667,8 мың теңге құрады. Республиканың ЖІӨ өндірісінде облыстың үлесі 4,6% құрады.
2022 жылдың қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өнімдері 3093,9 млрд. теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі – 100,8%.
Тау-кен өндірісі саласында нақты көлем индексі –100,4%, өңдеу саласында 108,0% құрады.
Негізгі капиталға инвестициялар320,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекдеңгейінен 14,5%-кекөп.
399,9 мың шаршы метр тұрғын үйіске қосылды немесе 2021 жылғы тиісті кезең деңгейінен 3,1%-ке көп.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 137,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2021 жылғы тиісті кезең деңгейінен 0,2%-ке көп.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 209,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек деңгейінен 2,6%-ке көп.
39,5 млн. тонна жүк және 79,5 млн. жолаушы тасымалданды немесе тиісінше 2021жылдың қаңтар-қыркүйекдеңгейіне 86,5% және 103,7%.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 295,6 млрд. теңге, 2021 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 100,8% құрады.
Инфляцияның жалпы деңгейі 114,7% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы – 18,9%-ке, азық-түлік емес тауарлар – 13,4%-ке, ақылы қызметтер 9,9%-кеөсті.
Мемлекеттік бюджетке 342,9млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер жиналды (болжамға 104,1%), республикалық бюджетке –237,2 млрд. теңге (102,1%),жергілікті бюджетке – 105,7 млрд. теңге (109,0%).
Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі – 4,7%. Есепті кезеңде 13820жұмыс орны құрылды, 13963 адам жұмысқа орналасты.
2022 жылғы қаңтар-маусымдаорташа айлық еңбекақы 263 259 теңгені құрады немесе 2021 жылғы сәйкесінше деңгейіне 119,1%.