Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу және есепке алу Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының Бас прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы №147 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасына 2025 жылдың 6 айында 25 өтініш келіп түсті, соның ішінде азаматтардан 8 өтініш және заңды тұлғалардан, 6 ұсыныс11 басқа (хабарлама, сауал, жауап).
Келіп түскен өтініштер сұрақтарының сипаты: білім – 1, мемлекеттік басқару – 1, құрылыс – 1, стратегия және экономикалық даму – 20.
Өтініштер заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қаралды.
Сондай-ақ, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес басшы мен басшының орынбасарлары бекітілген азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады.