2022 жылғы «3» маусымдағы № 104
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген
«Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Егер «Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
1) стратегиялық жоспарлау және Батыс Қазақстан облысының əлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтарын қалыптастыру;
2) Батыс Қазақстан облысының өңірлік дамуының мемлекеттік саясатын іске асыру.
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардан қажетті ақпарат пен құжаттарды сұрату және алу;
өз құзыреті шегінде мемлекеттің қатысуымен ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, сондай-ақ тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
сараптамалар жүргізу және консультациялар беру үшін орталық және жергілікті атқарушы органдардан мамандар, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар тарту.
2) Міндеттері:
«Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің және әкімінің актілері жобаларын әзірлеу.
1) бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жыл сайын әзірлеу;
2) стратегиялық жəне бағдарламалық құжаттарды жəне Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын ескере отырып, бесжылдық кезеңге арналған Батыс Қазақстан облысының даму жоспарын әзірлеу,жоғары тұрған орталық мемлекеттік органдармен келісу және Батыс Қазақстан облыстық мәслихат сессиясының қарауына енгізу;
3) стратегиялық жəне бағдарламалық құжаттарды жəне Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын ескере отырып, Батыс Қазақстан облысының даму жоспарын жыл сайын түзету;
4) Батыс Қазақстан облысының даму жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
5) жыл сайын Батыс Қазақстан облысының даму жоспарын іске асыру туралы есепті қалыптастыру жəне мониторингілеу;
6) мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
7) жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау шеңберінде Батыс Қазақстан облысының даму жоспарының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу және іске асыру бойынша қызметтің нəтижелілігі мен тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды іске асыру;
8) Мемлекет Басшысының Жолдауын, экономикалық жəне əлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларды орындау үшін əзірленген құжаттарды іске асыру жəне мониторингілеу;
9) Батыс Қазақстан облысы бойынша 100 нақты қадам – Ұлт Жоспарын іс жүзінде іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша мониторинг жүргізу;
10) Батыс Қазақстан облысының əлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын іске асыру мониторингілеу және орталық мемлекеттік органдарға ақпарат ұсыну;
11) жыл сайынғы негізгі нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша облыс әкімі мен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі арасындағы Меморандумды әзірлеу, талдау жəне оның іске асырылуын мониторингілеу;
12) Батыс Қазақстан облысы облысының, қаласының және аудандарының әлеуметтік-экономикалық дамуының ай сайынғы көрсеткіштерін талдау;
13) ҚР Президенті Әкімшілігіне, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесіне жіберілетін облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша ай сайынғы есептерді дайындау;
14) облыстың ауылдық елді мекендерінің əлеуметтік-экономикалық дамуын талдау жəне мониторингілеу, мониторинг қорытындыларын орталық мемлекеттік органдарға ұсыну;
15) өңірлік стандарттар жүйесін анықтау үшін облыстың барлық ауылдық елді мекендері бойынша деректерді талдау және жинау;
16) облыстың моноқаласын дамыту бойынша іс-шараларды іске асыру мониторингі;
17) шекара маңындағы аумақтарды дамыту жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
18) облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысы бойынша мәселелерді пысықтау;
19) «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасын іске асыру мониторингі;
20) ауылдық жерлерде әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау жөніндегі («Дипломмен ауылға») бюджеттік бағдарламалардың мониторингін үйлестіру және жүргізу;
21) «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы бойынша есеп пен ақпарат дайындау;
22) Батыс Қазақстан облысы бойынша «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Жол картасының мониторингі бойынша есепті қалыптастыру;
23) жетекшілік ететін бағыттар бойынша облыс əкімдігінің отырыстарына материалдар дайындау;
24) мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесін енгізу жәнетолтыру;
25) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
1) «Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және «Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
2) «Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшыларының және қызметкерлерінің өкілеттіктерін айқындайды;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмыс жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауапты болады;
4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен «Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
6) «Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
7) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда «Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді;
9) гендерлік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағытта дербес жауапты болады;
10) белгіленген тәртіппен қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылайды.
«Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
«Батыс Қазақстан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.