2022 жылдың 1-тоқсанында облыста өндірілген ЖӨӨ көлемі 824,5 млрд. теңге, нақты көлем индексі 2021 жылдың деңгейіне 102,3%, жан басына шаққанда 1237,5 мың теңге құрады. Республиканың ІЖӨ өндірісінде облыстың үлесі 4,2% құрады.
2022 жылдың қаңтар-маусымында өнеркәсіп өнімдері 2116,9 млрд. теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі – 102,1%.
Тау-кен өндірісі саласында нақты көлем индексі – 102,1%, өңдеу саласында 104,8% құрады.
2022 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде 139 жұмыс орын құрумен 4,7 млрд.теңгеге 2 жоба іске асырылуда:
1) «Сүтті-тауарлы ферма» («Ringo-Milk» ЖШС);
2) «Күн панельдері өндірісі» («GreenSparkLimited»ЖШС).
Негізгі капиталға инвестициялар 184,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-маусым деңгейінен 5,8%-ке көп.
261,8 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2021 жылғы тиісті кезең деңгейінен 2,3%-ке көп.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 71,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2021 жылғы тиісті кезең деңгейінен 3,1%-ке көп.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 79,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2021 жылдың қаңтар-маусым деңгейінен 0,9%-ке көп.
22,8 млн. тонна жүк және 49,0 млн. жолаушы тасымалданды немесе 2021 жылдың қаңтар-маусым деңгейіне 92,6% және 102,3%.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 184,2 млрд. теңге, 2021 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 101,0% құрады.
ЕАЭО елдермен сыртқы сауда айналымы 2022 жылғы қаңтар-мамырда 3422,2 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2021 жылдың тиісті деңгейінен 55,3%-ке көп.
Инфляцияның жалпы деңгейі 110,1% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы - 15,4%-ке, азық-түлік емес тауарлар – 8,3%-ке, ақылы қызметтер 4,5%-ке өсті.
Мемлекеттік бюджетке 208,0 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер жиналды (болжамға 105,6%), республикалық бюджетке – 137,4 млрд. теңге (101,9%), жергілікті бюджетке – 70,6 млрд. теңге (113,6%).
Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі – 3,8%. Есепті кезеңде 6895 жұмыс орны құрылды, 8212 адам жұмысқа орналасты.
2022 жылғы қаңтар-наурызда орташа айлық еңбекақы 261 218 теңгені құрады немесе 2021 жылғы сәйкесінше деңгейіне 119,8%.