Батыс Қазақстан облысының 2022 жылғы қаңтар-мамырдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

2021 жылы  облыста өндірілген ЖӨӨ көлемі 3401,0  млрд. теңге,нақты көлем индексі 2020 жылдың деңгейіне 98,1%, жан басына шаққанда 5124,4 мың теңге. Республиканың ІЖӨ өндірісінде облыстың үлесі 4,1% құрады.

2022 жылдың қаңтар-мамырында өнеркәсіп өнімдері 1732,2 млрд. теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі – 102,4%.

Тау-кен өндірісі саласында нақты көлем индексі – 102,5%, өңдеу саласында 101,2% құрады.

2022 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде 139 жұмыс орын құрумен 4,7 млрд.теңгеге 2 жоба іске асырылуда:

1) «Сүтті-тауарлы ферма» («Ringo-Milk» ЖШС);

2) «Күн панельдері өндірісі» («GreenSparkLimited»ЖШС).

Негізгі капиталға инвестициялар139,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-мамыр деңгейінен 1,9%-ке көп.

206,4 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2021 жылғы тиісті кезең деңгейінен 0,4%-ке көп.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 39,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2021 жылғы тиісті кезең деңгейінен 2,3%-ке көп.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 53,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2021 жылдың қаңтар-мамыр деңгейінен 1,1%-ке аз.

18,7 млн. тонна жүк және 40,4 млн. жолаушы тасымалданды немесе 2021 жылдың қаңтар-мамыр деңгейіне 97,2% және 105,7%.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 150,7 млрд. теңге, 2021 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 106,8% құрады.

ЕАЭО елдермен сыртқы сауда айналымы 2022 жылғы қаңтар-сәуірде 2649,0 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2021 жылдың тиісті деңгейінен 58%-ке көп.

Инфляцияның жалпы деңгейі 108,2% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 12,6%-ке өсті, азық-түлік емес тауарлар – 6,2%-ке, ақылы қызметтер – 3,9%-ке.

Мемлекеттік бюджетке 201,5 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер жиналды (болжамға 103,8%), республикалық бюджетке – 141,7 млрд. теңге (100,0%), жергілікті бюджетке – 59,8 млрд. теңге (114,2%).

Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі – 3,8%. Есепті кезеңде 5045 жұмыс орны құрылды, 6392 адам жұмысқа орналасты.

2022 жылғы қаңтар-наурызда орташа айлық еңбекақы 261 218 теңгені құрады немесе 2021 жылғы сәйкесінше деңгейіне 119,8%.

 

Дата публикации
22 июня 2022