Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу және есепке алу Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес және Қазақстан Республикасының Бас прокурорының 2021 жылғы 19 мамырдағы № 70 «Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ "Электрондық жолданымдар" ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына 2022 жылдың 1 тоқсанында 9 өтініш келіп түсті, соның ішінде азаматтардан 2 ұсыныс, 1 сұраныс және заңды тұлғалардан 3 сұраныс, 3 ұсыныс қабылданды.
Келіп түскен өтініштер келесі мәселелер бойынша: білім, ғылым және тілдер – 1, қарулы күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар – 1, қаржылық қызмет, экономика және бюджетті жоспарлау – 5, әкімшілік құқық бұзушылықтар, қоғамдық және жол қауіпсіздігі – 1, мемлекеттік қызмет, кадрлық қамтамасыз ету және халықты жұмыспен қамту мәселелері - 1.
Өтініштер заңмен көзделген тәртібінде және уақытында қарастырылды.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес басшы және басшы орынбасарларының азаматтарды және заңды тұлға өкілдерін қабылдау кестесi бекітіліп, орналастырған.