БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2022-2024 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ (2022 ж -наурыз)

  2022 жылға Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен 4 бюджеттік бағдарлама жүзеге асырылды.

001 «Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру мен дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» 2022 жылға 254,654 млн. теңге бөлінді, есептік кезеңдегі жоспар 54,340млн.теңгені құрайды, игерілгені 54,215 млн.теңге, ол 99,8% құрады. 2021 жылдың ұқсас кезеңінде 31,211 млн.теңге игерілді. Шығыстардың көбеюі еңбекақы қорының өзгеруімен байланысты.  Ағымдағы жылы шығыстардың төмендеуі штаттық бірліктің қысқаруымен және аппаратты қамту шығыстарының азаюымен байланысты. Бұл бюджеттік бағдарлама экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру мен дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жергілікті деңгейде іске асыру жөніндегі шығыстарды қамтиды: негізгі персоналдың еңбегіне ақы төлеу, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, МӘМС міндетті аударымдарды аудару, техникалық персоналдың еңбегіне ақы төлеу, отын, жанар-жағар май материалдарын сатып алу, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу, ел ішіндегі және елден тыс жерлерге іссапарлар мен қызметтік сапарлар, өзге де қорларды сатып алу, материалдық қорлар /кеңсе тауарлары/ мен кеңсе жабдықтарын сатып алу.  Басқармаға жүктелген функцияларды орындауға қажетті кадр құрамы 42 бірлікті құрайды, соның ішінде 37 бірлік мемлекеттік қызметшілер және 5 бірлік техникалық персонал.

       003 «Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» 2022 жылға бюджетпен бөлінгені – 25,163 млн. теңге. Бұл қаражаттар бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуге бағытталды. 7 жоба бойынша конкурстық құжаттамалардың сарапшылар қорытындыларын өткізу жоспарланды.

        007 «Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер» 2022 жылға бюджетпен бөлінгені 1745,91 млн. теңге. Бұл бағдарлама бойынша ауылдық жерлерге әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарын тарту үшін тұрғын үй сатып алуға немесе салуға жас мамандарға кредиттер беру қарастырылған. 2022 жылы облысымыздың аудандарына 380 жас мамандарды тарту жоспарланған.

061 «Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия мәселелері жөніндегі құжаттаманы сараптау және бағалау»  2022 жылға бюджетпен бөлінгені – 8,943 млн. теңге, есептік кезеңдегі жоспар 1,193 млн.теңгені құрайды есептік кезеңге 1,193 млн.теңге қарастырылған. Ұқсас кезеңде 1,2 млн.тенге игерілді. Бағдарламаны орындау  мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы жүзеге асыруға мақұлданған мемлекеттік инвестициялық жобаларды, сонымен қатар бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға жоспарланатын облыстық бюджет шығыстарын азайту мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік концепцияларын ұлғайтуды қамтамасыз етті. 7 жоба бойынша конкурстық құжаттамалардың сарапшылар қорытындыларын өткізу жоспарланды.

Дата публикации
06 апреля 2022