2021 жылдың 9 айында облыста өндірілген ЖӨӨ көлемі 2237,6 млрд. теңге,нақты көлем индексі 2020 жылдың тиісті деңгейіне 97,9%, жан басына шаққанда 3375,0 мың теңге. Республиканың ІЖӨ өндірісінде облыстың үлесі 4,2% құрады.
2022 жылдың қаңтар-ақпанында өнеркәсіп өнімдері 676,8 млрд. теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі – 101,7%.
Тау-кен өндірісі саласында нақты көлем индексі –102,0%, өңдеу саласында 100,3% құрады.
2022 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде 139 жұмыс орын құрумен 4,7 млрд.теңгеге 2 жоба іске асырылуда.
Негізгі капиталға инвестициялар 46,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-ақпан деңгейінен 0,1%-кекөп.
53,3 мың шаршы метр тұрғын үйіске қосылды немесе 2021 жылғы тиісті кезең деңгейінен 2,0%-ке көп.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 10,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2021 жылғы тиісті кезең деңгейінен 11,7%-ке көп.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 13,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2021 жылдың қаңтар-ақпан деңгейінен 0,9%-ке көп.
7,4 млн. тонна жүк және 14,3 млн. жолаушы тасымалданды немесе 2021жылдың қаңтар-ақпан деңгейіне 97,3% және 115,2%.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 54,8 млрд. теңге, 2021 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 100,0% құрады.
ЕАЭО елдер мен сыртқы сауда айналымы 2022 жылғы қаңтарда 605,1 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2021 жылдың тиісті деңгейінен 195,2%-ке көп.
Инфляцияның жалпы деңгейі 101,3% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 1,7%-ке өсті, азық-түлік емес тауарлар – 0,8%-ке, ақылы қызметтер – 1,3%-ке.
Мемлекеттік бюджетке 81,9млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер жиналды (болжамға 105,0%), республикалық бюджетке –60,6 млрд. теңге (101,0%),жергілікті бюджетке – 21,3 млрд. теңге (118,1%).
Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі – 3,4%. Есепті кезеңде 2772 жұмыс орны құрылды,3238 адам жұмысқа орналасты.
2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда орташа айлық еңбекақы 226 352 теңгені құрады немесе 2020 жылғы сәйкесінше деңгейіне 116,3%.