Батыс Қазақстан облысының 2021 жылғы қаңтар-желтоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

2021 жылдың  9 айында облыста өндірілген ЖӨӨ көлемі 2237,6  млрд. теңге, нақты көлем индексі 2020 жылдың тиісті деңгейіне 97,9%, жан басына шаққанда 3375,0 мың теңге. Республиканың ІЖӨ өндірісінде облыстың үлесі 4,2% құрады.

2021 жылдың қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өнімдері 2795,7 млрд. теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі – 94,5%.

Тау-кен өндірісі саласында нақты көлем индексі - 93,4%, өңдеу саласында 100,2% құрады.

2021 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде 170 жұмыс орын құрумен 3,1 млрд.теңгеге 2 жоба іске қосылды:

1) Жиһаз фабрикасы («Квант» ЖШС);

2)«Кірпіш зауытының құрылысы» («134» ЖШС).

Негізгі капиталға инвестициялар 423,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейінен 15,3%-ке аз.

591,0 мың шаршы метр тұрғын үйіске қосылды немесе 2020 жылғы тиісті кезең деңгейінен 11,7%-ке көп.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 192,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы тиісті кезең деңгейінен 5,1%-ке көп.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 232,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан деңгейінен 4,0%-ке көп.

61,9 млн. тонна жүк және 113,3 млн. жолаушы тасымалданды немесе 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан деңгейіне 97,4% және 79,1%.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 371,4 млрд. теңге, 2020 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 100,5% құрады.

ЕАЭО елдермен сыртқы сауда айналымы 2021 жылғы қаңтар-қарашада 5609,0 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2020 жылдың деңгейіне 129,9%.

Инфляцияның жалпы деңгейі 108,5% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 9,4%-ке өсті, азық-түлік емес тауарлар – 8,0%-ке, ақылы қызметтер – 7,8%-ке.

Мемлекеттік бюджетке 357,2 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер жиналды (болжамға 101,7%), республикалық бюджетке – 233,0 млрд. теңге (101,9%), жергілікті бюджетке – 124,2 млрд. теңге (101,4%).

Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі – 2,7%. Есепті кезеңде 18638 жұмыс орны құрылды, 23199 адам жұмысқа орналасты.

2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте орташа айлық еңбекақы 221633 теңгені құрады немесе 2020 жылғы сәйкесінше деңгейіне 116,4%.

 

Дата публикации
01 февраля 2022