Батыс Қазақстан облысының 2021 жылғы қаңтар-қарашадағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

2021 жылдың  9 айында облыста өндірілген ЖӨӨ көлемі 2237,6  млрд. теңге, нақты көлем индексі 2020 жылдың тиісті деңгейіне 97,9%, жан басына шаққанда 3375,0 мың теңге. Республиканың ІЖӨ өндірісінде облыстың үлесі 4,2% құрады.

2021 жылдың қаңтар-қарашада өнеркәсіп өнімдері 2522,6 млрд. теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі – 93,7%.

Тау-кен өндірісі саласында нақты көлем индексі - 93,0%, өңдеу саласында 96,1% құрады.

2021 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде 190 жұмыс орын құрумен 2,7 млрд.теңгеге 3 жоба іске асырылуда:

1) Жиһаз фабрикасы («Квант» ЖШС), а.ж. наурызында іске қосылды;

2)«Кірпіш зауытының құрылысы» («134» ЖШС);

3)«Пластмастикалық қалдықтарды қайта өңдеу, тауарларға арналған пластикалық қаптамаларды шығару цехы» («Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС).

Негізгі капиталға инвестициялар 353,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-қараша деңгейінен 17,9% аз.

505,4 мың шаршы метр тұрғын үйіске қосылды немесе 2020 жылғы тиісті кезең деңгейінен 21,5%-ке көп.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 156,0 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы тиісті кезең деңгейінен 6,4%-ке көп.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 215,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылдың қаңтар-қараша деңгейінен 1,6%-ке көп.

54,4 млн. тонна жүк және 100,9 млн. жолаушы тасымалданды немесе 2020 жылдың қаңтар-қараша деңгейіне 91,7% және 72,9%.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 322,0 млрд. теңге, 2020 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 101,2% құрады.

ЕАЭО елдермен сыртқы сауда айналымы 2021 жылғы қаңтар-қарашада 5609,0 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2020 жылдың деңгейіне 129,9%.

Инфляцияның жалпы деңгейі 107,8% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 8,9%-ке өсті, азық-түлік емес тауарлар – 6,8%-ке, ақылы қызметтер – 7,5%-ке.

Мемлекеттік бюджетке 307,8 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер жиналды (болжамға 107,9%), республикалық бюджетке – 196,7 млрд. теңге (111,4%), жергілікті бюджетке – 111,1 млрд. теңге (102,3%).

Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі – 3,4%. Есепті кезеңде 17507 жұмыс орны құрылды, 22223 адам жұмысқа орналасты.

2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте орташа айлық еңбекақы 221633 теңгені құрады немесе 2020 жылғы сәйкесінше деңгейіне 116,4%.

Дата публикации
27 декабря 2021