БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2021-2023 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ 2021ж -қараша

   

         2021 жылға Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен 5 бюджеттік бағдарлама жүзеге асырылды.

          Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы  6 қарашадағы « Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13  желтоқсандағы №32-1 «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»  №39-2 шешімі

        001 «Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру мен дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» 2021 жылға 265,716 млн. теңге бөлінді, есептік кезеңдегі жоспар 214,026 млн.теңгені құрайды, игерілгені 180,521 млн.теңге, ол 84% құрады. 2020 жылдың ұқсас кезеңінде 132,333 млн.теңге игерілді.  Ағымдағы жылы шығыстардың төмендеуі штаттық бірліктің қысқаруымен және аппаратты қамту шығыстарының азаюымен байланысты. Бұл бюджеттік бағдарлама экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру мен дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жергілікті деңгейде іске асыру жөніндегі шығыстарды қамтиды: негізгі персоналдың еңбегіне ақы төлеу, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, МӘМС міндетті аударымдарды аудару, техникалық персоналдың еңбегіне ақы төлеу, отын, жанар-жағар май материалдарын сатып алу, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу, ел ішіндегі және елден тыс жерлерге іссапарлар мен қызметтік сапарлар, өзге де қорларды сатып алу, материалдық қорлар /кеңсе тауарлары/ мен кеңсе жабдықтарын сатып алу.  Басқармаға жүктелген функцияларды орындауға қажетті кадр құрамы 41,5 бірлікті құрайды, соның ішінде 37 бірлік мемлекеттік қызметшілер және 4,5 бірлік техникалық персонал.

      003 «Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» 2021 жылға бюджетпен бөлінгені – 7,552 млн. теңге. 2020 жылдың ұқсас кезеңінде 17,409 млн.теңге бөлінді.  Бұл таратылатын ағымдағы бюджеттік бағдарлама  бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуге қарастырылған.

    005 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2021 жылға – 1,017 млн.теңге жоспарланған, есептік кезеңдегі жоспар 1,017 млн.теңгені құрайды, игерілгені 1,017 млн.теңге, ол 100% құрады. Бұл қаражат күрделі шығындарды жүзеге асыруға-көп функциялы А3 принтерін сатып алуға қарастырылған.

    007 «Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер» 2021 жылға бюджетпен бөлінгені 1733,04 млн. теңге, есептік кезеңдегі жоспар 1733,04 млн.теңгені құрайды, игерілгені 1733,04 млн.теңге, ол 100% құрады. 2020 жылдың ұқсас кезеңінде 2246,723 млн.теңге игерілді.Бұл бағдарлама бойынша ауылдық жерлерге әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарын тарту үшін тұрғын үй сатып алуға немесе салуға жас мамандарға кредиттер беру қарастырылған. 2021 жылы облысымыздың аудандарына 396 жас мамандарды тарту жоспарланған.

    061 «Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия мәселелері жөніндегі құжаттаманы сараптау және бағалау»  2021 жылға бюджетпен бөлінгені – 16,807 млн. теңге, есептік кезеңге 11,152 млн.теңге қарастырылған. игерілгені 9,651млн.теңге, ол 87% құрады. 2020 жылдың ұқсас кезеңінде 2,096 млн.теңге игерілді Бағдарламаны орындау  мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы жүзеге асыруға мақұлданған мемлекеттік инвестициялық жобаларды, сонымен қатар бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға жоспарланатын облыстық бюджет шығыстарын азайту мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік концепцияларын ұлғайтуды қамтамасыз етті. 10 жоба бойынша конкурстық құжаттамалардың сарапшылар қорытындыларын өткізу жоспарланды.

Дата публикации
06 декабря 2021