БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2021-2023 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

2021-2023 жылдары Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен 4 бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру жоспарланған.

     Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы  19 наурыздағы, 2 шілдедегі   « Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №40-2 «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»  №3-1 ,5-1 шешімдері.

      001 «Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру мен дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2021 жылға – 151,068  млн. теңге,  2022 жылға – 153,771 млн.теңге, 2023 жылға 155,725 млн. теңге жоспарланған. Бұл бюджеттік бағдарлама экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру мен дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жергілікті деңгейде іске асыру жөніндегі шығыстарды қамтиды: еңбек ақы, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, техникалық персоналдың еңбегіне ақы төлеу, отын, жанар-жағар май материалдарын сатып алу, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу, ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарлар, өзге де қорларды сатып алу, және т.б. Басқармаға жүктелген функцияларды орындауға қажетті кадр құрамы 47,5 бірлікті құрайды, соның ішінде 41 бірлік мемлекеттік қызметшілер және 6,5 бірлік техникалық персонал.

       003 «Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2021 жылға – 64,366 млн.теңге, 2022 жылға - 69,559 млн.теңге және 2023 жылға 73,342 млн.теңге жоспарланған. Бұл таратылатын ағымдағы бюджеттік бағдарлама  бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуге қарастырылған.

       005 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2021 жылға – 1,24 млн.теңге жоспарланған. Бұл қаражат күрделі шығындарды жүзеге асыруға-көп функциялы А3 принтерін сатып алуға қарастырылған.

        061 «Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия мәселелері жөніндегі құжаттаманы сараптау және бағалау»  бюджеттік бағдарламасы бойынша 2021жылға – 82,94 млн.теңге, 2022 жылға – 86,257 млн.теңге, 2023 жылға 89,707 млн.теңге жоспарланған. Бұл қаражаттар мемлекеттік қаржының теңгерімділігін қамтамасыз етуге және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті  дамытуға қарастырылған. Бағдарламаның түпкі нәтижесі - мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы жүзеге асыруға мақұлданған мемлекеттік инвестициялық жобаларды, сонымен қатар бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға жоспарланатын облыстық бюджет шығыстарын азайту мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік концепцияларын  ұлғайту.

         007 «Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2021жылға 1733,04 млн.теңге жоспарланған. Бұл бағдарлама бойынша ауылдық жерлерге әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарын тарту үшін тұрғын үй сатып алуға немесе салуға жас мамандарға кредиттер беру қарастырылған. 2021  жылы облыс аудандарына 396  жас маманды тарту жоспарланған.

Дата публикации
04 августа 2021