Батыс Қазақстан облысының 2021 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

2020 жылда өндірілген ЖӨӨ көлемі 2719,0 млрд.теңгені құрады, нақты көлем индексі 2019 жылдың тиісті деңгейіне 99,1%, жан басына шаққанда 4125,9 мың теңге. Республиканың ІЖӨ өндірісінде облыстың үлесі 3,8% құрады.

2021 жылдың қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өнімдері 837,7 млрд. теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі – 93,1%.

Тау-кен өндірісі саласында нақты көлем индексі 93,1%, өңдеу саласында 87,9% құрады.

2021 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде 309 жұмыс орын құрумен 7,9 млрд.теңгеге 4жоба іске асырылуда.

Негізгі капиталға инвестициялар 93,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-сәуір деңгейінен40,2% аз.

118,6 мың шаршы метр тұрғын үйіске қосылды немесе 2020 жылғы тиісті кезең деңгейінен 3,5%-ке көп.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 25,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы тиісті кезең деңгейінен 11,9%-ке аз.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі32,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылдың қаңтар-сәуір деңгейінен 2,7%-ке көп.

12,4 млн. тонна жүк және 29,1 млн. жолаушы тасымалданды немесе 2020 жылдың қаңтар-сәуірдеңгейіне 53,0% және 28,6%.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 103,6 млрд. теңге, 2020 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 1,3% құрады.

ЕАЭО елдерменсыртқы сауда айналымы 2021 жылғы қаңтар-ақпанда 709,7 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2020 жылдың деңгейіне 78,9%.

Инфляцияның жалпы деңгейі 102,6% құрады (республикалық көрсеткіш – 102,7%). Азық-түлік тауарларының бағасы 3,9%-ке өсті (республикалық көрсеткіш – 4,1%-ке), азық-түлік емес тауарлар – 2,6%-ке (республикалық көрсеткіш – 2,5%-ке), ақылы қызметтер – 1,1%-ке (республикалық көрсеткіш – 1,3%-ке).

Мемлекеттік бюджетке 58,4 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер жиналды (болжамға 143,3%), бұл 2020 жылғы қаңтар –сәуірінен37,4%-ке аз. Республикалық бюджетке түсімдер 17,2 млрд. теңгені құрады (болжамға 228,5%),2020 жылғы қаңтар-сәуірге 29,9%, жергілікті бюджетке – 41,2 млрд. теңге (болжамға 123,9%), 2020 жылғы қаңтар-сәуірге115,6%.

Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі – 4,4%. Есепті кезеңде 6357 жұмыс орны құрылды, 6690 адам жұмысқа орналасты.

2021 жылғы қаңтар-наурызда орташа айлық еңбекақы 217 998 теңгені құрады немесе 2020 жылғы сәйкесінше деңгейіне 116,7%.

 

Дата публикации
17 мая 2021