Батыс Қазақстан облысының 2021 жылғы қаңтар-наурыздағы даму қорытындылары

2020 жылдың 9айында өндірілген ЖӨӨ көлемі 1919,7 млрд.теңгені құрады, нақты көлем индексі 2019 жылдың тиісті деңгейіне 100,1%, жан басына шаққанда 2915,8 мың теңге. Республиканың ІЖӨ өндірісінде облыстың үлесі 4,2% құрады.

2021 жылдың қаңтар-наурызда өнеркәсіп өнімдері 642,5 млрд. теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі – 95,3%.

Тау-кен өндірісі саласында нақты көлем индексі 95,9%, өңдеу саласында 89,0% құрады.

2021 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде 309 жұмыс орын құрумен 7,9 млрд.теңгеге 4жоба іске асырылуда.

Негізгі капиталға инвестициялар 67,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-наурыз деңгейінен48,7% аз.

86,4 мың шаршы метр тұрғын үйіске қосылды немесе 2020 жылғы тиісті кезең деңгейінен 11,6%-ке көп.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 20,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы тиісті кезең деңгейінен 1,7%-ке көп.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі21,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылдың қаңтар-наурыз деңгейінен 1,6%-ке көп.

ЕАЭО елдерменсыртқы сауда айналымы 2021 жылғы қаңтарда 309,1 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2020 жылдың деңгейіне 85,9%.

9,5 млн. тонна жүк және 20,1 млн. жолаушы тасымалданды немесе 2020 жылдың қаңтар-наурыздеңгейіне 51,2% және 20,5%.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 81,2 млрд. теңге, 2020 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 98,3% құрады.

Инфляцияның жалпы деңгейі 102,1% құрады (республикалық көрсеткіш – 101,9%). Азық-түлік тауарларының бағасы 3,1%-ке өсті (республикалық көрсеткіш – 3,0%-ке), азық-түлік емес тауарлар – 1,9%-ке (республикалық көрсеткіш – 1,5%-ке), ақылы қызметтер – 0,9%-ке (республикалық көрсеткіш – 0,9%-ке).

Мемлекеттік бюджетке 26,7 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер жиналды (болжамға 123,7%), бұл 2020 жылғы қаңтар –наурызынан66,5%-ке аз. Республикалық бюджетке түсімдер -2,5 млрд. теңгені құрады (болжамға 83,4%),2020 жылғы қаңтар-наурызға104,8%, жергілікті бюджетке – 29,2 млрд. теңге (болжамға 118,8%), 2020 жылғы қаңтар-наурызға107,4%.

Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі – 4,4%. Есепті кезеңде 4763 жұмыс орны құрылды, 4954 адам жұмысқа орналасты.

2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда орташа айлық еңбекақы 194629 теңгені құрады немесе 2019 жылғы сәйкесінше деңгейіне 106,1%.

 

Дата публикации
20 апреля 2021