Батыс Қазақстан облысының 2021 жылғы қаңтар-ақпандағы даму қорытындылары

2020 жылдың 9айында өндірілген ЖӨӨ көлемі 1919,7 млрд.теңгені құрады, нақты көлем индексі 2019 жылдың тиісті деңгейіне 100,1%, жан басына шаққанда 2915,8 мың теңге. Республиканың ІЖӨ өндірісінде облыстың үлесі 4,2% құрады.

2021 жылдың қаңтар-ақпанда өнеркәсіп өнімдері 428,3 млрд. теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі – 94,7%.

Тау-кен өндірісі саласында нақты көлем индексі 95,9%, өңдеу саласында 82,7% құрады.

2021 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде 309 жұмыс орын құрумен 7,9 млрд.теңгеге 4жоба іске асырылуда.

Негізгі капиталға инвестициялар 43,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-ақпан деңгейінен57,2% аз.

52,3 мың шаршы метр тұрғын үйіске қосылды немесе 2020 жылғы тиісті кезең деңгейінен 12,6%-ке көп.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 8,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы тиісті кезең деңгейінен 17,5%-ке аз.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі12,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылдың қаңтар-ақпан деңгейінен 0,1%-ке көп.

ЕАЭО елдерменсыртқы сауда айналымы 2021 жылғы қаңтарда 309,1 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2020 жылдың деңгейіне 85,9%.

6,6 млн. тонна жүк және 12,4 млн. жолаушы тасымалданды немесе 2020 жылдың қаңтар-ақпан деңгейіне 48,1% және 81,7%.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 50,4 млрд. теңге, 2020 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 97,5% құрады.

Инфляцияның жалпы деңгейі 101,1% құрады (республикалық көрсеткіш – 101,3%). Азық-түлік тауарларының бағасы 1,7%-ке өсті (республикалық көрсеткіш – 2,2%-ке), азық-түлік емес тауарлар – 0,8%-ке (республикалық көрсеткіш – 0,7%-ке), ақылы қызметтер – 0,8%-ке (республикалық көрсеткіш – 0,6%-ке).

Мемлекеттік бюджетке 6,8 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер жиналды (болжамға -227,6%), бұл 2020 жылғы қаңтар –ақпанынан88,3%-ке аз. Республикалық бюджетке түсімдер -13,5 млрд. теңгені құрады (болжамға 62,2%),2020 жылғы қаңтар-ақпанға135,0%, жергілікті бюджетке – 20,3 млрд. теңге (болжамға 108,6%), 2020 жылғы қаңтар-ақпанға102,3%.

Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі – 4,4%. Есепті кезеңде 3527 жұмыс орны құрылды, 3803 адам жұмысқа орналасты.

2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда орташа айлық еңбекақы 194629 теңгені құрады немесе 2019 жылғы сәйкесінше деңгейіне 106,1%.

 

Дата публикации
19 марта 2021