Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы №32-1 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы №32-1 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5896 тіркелген, 2019 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. 2020-2022 жылдарғаарналған облыстық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 189157877 мың теңге:

салықтық түсімдер – 41725146мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 512 705 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 21 272мың теңге;

трансферттер түсімдері – 146898 754 мың теңге;

2) шығындар – 196 681363 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 29 101 920мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 35 937 425 мыңтеңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 6835 505 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 500 000мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 500 000мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -37125 406 мың теңге:

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –

37125 406 мың теңге:

қарыздар түсімі – 38864 319 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 6 897 634 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 5 158 721 мың теңге.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қазақстан Республикасының «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 24-баптары қаперге және басшылыққа алынсын:

1) 2020 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің түсімі мен кредиттер 78 350 278 мың теңге жалпы сомасында ескерілсін:

шағын және орта бизнес субъектілерінің салықтық жүктемесін төмендетуге байланысты шығындарды өтеуге – 7 065 145 мың теңге;

төтенше жағдай кезеңінде күшейтілген режимде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз еткен ішкі істер органдарының қызметкерлеріне сыйақы төлеуге – 124710 мың теңге;

инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге – 4705 785 мың теңге;

ауыл шаруашылығы жануарларын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға – 2 585 576 мың теңге;

агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасын субсидиялауға – 5 000 мың теңге;

саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантинді объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялауға – 10 337 мың теңге;

мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға – 1 000 000 мың теңге;

агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандыру шеңберінде субсидиялауға – 194 350 мың теңге;

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге – 1 803 602 мың теңге;

кепілдік берілген әлеуметтік топтамаға, оның ішінде төтенше жағдайға байланысты азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтармен қамтамасыз етуге –
1 288231 мың теңге;

арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын енгізуге –
2 763 мың теңге;

үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға – 55 200 мың теңге;

мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға – 164 106 мың теңге;

ымдау тілі маманының қызметін көрсетуге – 44 944 мың теңге;

техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдар тiзбесiн кеңейтуге –
85 945 мың теңге;

Spina bifida диагнозымен мүгедек балаларды бір реттік қолданылатын катетерлермен қамтамасыз етуге – 1 150 мың теңге;

мүгедектерді әлеуметтік қолдауға – 438 708 мың теңге;

кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге – 41 328 мың теңге;

мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға - 616 мың теңге;

жалақыны ішінара субсидиялауға – 116 318 мың теңге;

жастар практикасына – 625 509 мың теңге;

NEET санатындағы жастарға және табысы аз көпбалалы отбасыларға, табысы аз еңбекке қабілетті мүгедектерге жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін гранттарға – 952417 мың теңге;

ақпараттық жұмысқа – 1 760 мың теңге;

қоғамдық жұмысқа – 939 358 мың теңге;

мемлекеттік халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін жұмыскерлердің жалақысына қосымша ақылар белгілеуге – 480 104 мың теңге;

жаңалық телебағдарламаларының трансляциясын сурдоаудармамен сүйемелдеуді қамтамасыз етуге – 9 707 мың теңге;

мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға – 1 059 695 мың теңге;

мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге – 2 180 мың теңге;

орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге – 864 124 мың теңге;

мемлекеттік орта білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға – 8 925 225 мың теңге;

мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге - 4 330 507 мың теңге;

«Жас маман» жобасы шеңберінде колледждер үшін жабдықтар сатып алуға – 1 104 814 мың теңге;

мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға – 562 413 мың теңге;

көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға – 73 814 мың теңге;

техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендия мөлшерін ұлғайтуға және жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы бағыт бойынша төленген сомаларды өтеуге – 273 481 мың теңге;

медициналық ұйымның жыныстық құмарлықты төмендететін, сот шешімі негізінде жүзеге асырылатын іс-шараларды өткізуге – 506 мың теңге;

қаржы лизингі шарттарымен сатып алынған санитариялық көлік бойынша лизинг төлемдерін өтеуге – 163 145 мың теңге;

вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға – 1 298 667 мың теңге;

саламатты өмір салтын насихаттауға – 17 533 мың теңге;

ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыруға – 95 622 мың теңге;

жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақысын арттыруға – 35 448 мың теңге;

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендия мөлшерін ұлғайтуға және шығыстардың осы бағыты бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленген сомаларды өтеуге – 36 530 мың теңге;

мемлекеттік мәдениет ұйымдарының және архив мекемелерінің басқарушы және негізгі персоналына мәдениет ұйымдарындағы және архив мекемелеріндегі ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдык айлықақысына қосымша ақылар белгілеуге – 1 089 818 мың теңге;

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға – 4 609 990 мың теңге;

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беруге – 39 000 мың теңге;

«Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және Басым жобаларды кредиттеу тетігі шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға және кепілдік беруге – 1 377 022 мың теңге;

көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға –
8 003 812 мың теңге;

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) реконструкциялауға – 3 424 763 мың теңге, соның ішінде:әлеуметтік-осал топтар үшін тұрғын үй салуға – 1 324 763 мың теңге, аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін тұрғын үй салуға – 2 100 000 мың теңге;

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға – 2 429 287 мың теңге;

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 861 865 мың теңге;

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 3 428 697 мың теңге;

газ тасымалдау жүйесін дамытуға – 176 211 мың теңге;

жылу-энергетика жүйесін дамытуға – 252 414 мың теңге;

Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндешағын және моноқалалардағы бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға – 672 246 мың теңге;

Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамытуға – 148 486 мың теңге;

индустриялық инфрақұрылымды дамытуға – 990 430 мың теңге;

нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға кредит беруге – 3 879 990 мың теңге;

мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға бюджеттік кредиттер беруге – 2 246 723 мың теңге;

облыс орталықтарында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит беруге – 500 000 мың теңге;

кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге кредит беруге – 458 283 мың теңге;

облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жылумен жабдықтау жүйелерін реконструкциялау және құрылыс үшін кредит беруге – 516 418 мың теңге;

облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкция және құрылыс үшін кредит беруге – 218 414 мың теңге;

Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимінде коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша халықтың төлемдерін өтеуге – 971 748 мың теңге;

COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына байланысты қызмет атқарудың ерекше режимі кезеңіндегі жұмысы үшін ішкі істер органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы төлеуге – 201 320мың теңге;

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсарту – 2388 мың теңге;

дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік орта және қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға – 264 580 мың теңге.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. 2020 жылға арналған облыстық бюджетте облыстың жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздары шығарылымынан түсетін түсімдер 31044 491 мың теңге сомасында, соның ішінде Жұмыспен қамту жол картасының шеңберіндегі шараларды қаржыландыру үшін 23953 659 мың теңге, тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін 7 090 832 мың теңге ескерілсін.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. 2020 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге облыстық бюджет қаражат есебінен бөлінетін нысаналы даму трансферттері мен ағымдағы нысаналы трансферттер 10778 389 мың теңге жалпы сомасында қарастырылғаны ескерілсін, соның ішінде:

5222 772 мың теңге – ағымдағы нысаналы трансферттер;

5 555 617 мың теңге – нысаналы даму трансферттері.

Аталған сомаларды аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге бөлу Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. 2020 жылға арналған облыстық бюджетте қарыздарды өтеу 6 897 634 мың теңге сомасында қарастырылсын.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. 2020 жылға арналған облыстың жергілікті атқарушы органдарының резерві 1941 795 мың теңге мөлшерінде бекітілсін.»;

аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  2. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Мәслихат хатшысы

 

М. Құлшар

Мәслихат хатшысы

 

М. Құлшар

Қосымша

Дата публикации
15 декабря 2020