Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2020-2022 жылдарғаарналған облыстық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 191 291 958 мың теңге:
салықтық түсімдер – 40 606 912мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 376 791 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 638мың теңге;
трансферттер түсімдері – 150 305 617мың теңге;
2) шығындар – 197 119 488 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 38 373 267мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 45 208 772 мыңтеңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 6 835 505 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 500 000мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 500 000мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -44 700 797 мың теңге:
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
44 700 797 мың теңге:
қарыздар түсімі – 46 439 828 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 6 897 752 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 5 158 721 мың теңге.»;
аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Сессия төрағасы |
|
Н. Сергалиев |
|
Мәслихат хатшысы |
|
М. Құлшар |