Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы №32-1 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы
13 желтоқсандағы №32-1 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5896 тіркелген, 2019 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. 2020-2022 жылдарғаарналған облыстық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 191 776 257мың теңге:

салықтық түсімдер – 40 606 912мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 376791 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 638мың теңге;

трансферттер түсімдері – 150789 916мың теңге;

2) шығындар – 194 133 797мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 41 843257мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 48 678762 мыңтеңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 6835 505 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 500 000мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 500 000мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -44 700797мың теңге:

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
44 700 797 мың теңге:

қарыздар түсімі – 46439 828 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 6897752 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 5158721 мың теңге.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. 2020 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге облыстық бюджет қаражат есебінен бөлінетін нысаналы даму трансферттері мен ағымдағы нысаналы трансферттер 9 924 417мың теңге жалпы сомасында қарастырылғаны ескерілсін, соның ішінде:

3 947 354мың теңге – ағымдағы нысаналы трансферттер;

5 977 063 мың теңге – нысаналы даму трансферттері.

Аталған сомаларды аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге бөлу Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. 2020 жылға арналған облыстық бюджетте қарыздарды өтеу 6 897 752 мың теңге сомасында қарастырылсын.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. 2020 жылға арналған облыстың жергілікті атқарушы органдарының резерві 1 314 500 мың теңге мөлшерінде бекітілсін.».

Аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  2. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы

 

Н. Сергалиев

Мәслихат хатшысы

 

М. Құлшар

Қосымша

Дата публикации
09 сентября 2020