Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы
13 желтоқсандағы №32-1 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5896 тіркелген, 2019 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2020-2022 жылдарғаарналған облыстық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 189 567 389 мың теңге:
салықтық түсімдер – 38 398 044мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 376 791 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 638мың теңге;
трансферттер түсімдері – 150 789 916мың теңге;
2) шығындар – 190 324241мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 43 474945мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 50 310450 мыңтеңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 6 835 505 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 500 000мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 500 000мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -44 731797мың теңге:
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
44731 797 мың теңге:
қарыздар түсімі – 46 439 828 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 6 866752 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 5 158 721 мың теңге.»;
3-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1) 2020 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің түсімі мен кредиттер 82 295 202 мың теңге жалпы сомасында ескерілсін:»;
мынадай мазмұндағы алпыс жетінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимінде коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша халықтың төлемдерін өтеуге – 1 528 500 мың теңге»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. 2020 жылға арналған облыстық бюджетте бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының түсімдері 6835 505 мың теңге сомасында ескерілсін.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. 2020 жылға арналған облыстық бюджетте облыстың жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздары шығарылымынан түсетін түсімдер 38 620 000 мың теңге сомасында, соның ішінде Жұмыспен қамту жол картасының шеңберіндегі шараларды қаржыландыру үшін 25 620 000 мың теңге, тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін 13000 000 мың теңге ескерілсін.»;
6-тармақтың 4-тармақшасының:
екінші абзацмынадай редакцияда жазылсын:
«Бөрлі – 15,5%; Орал қаласы – 71,7%; Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Бәйтерек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау – 100%.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. 2020 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге облыстық бюджет қаражат есебінен бөлінетін нысаналы даму трансферттері мен ағымдағы нысаналы трансферттер 10 186 920 мың теңге жалпы сомасында қарастырылғаны ескерілсін, соның ішінде:
4 209 857 мың теңге – ағымдағы нысаналы трансферттер;
5 977 063 мың теңге – нысаналы даму трансферттері.
Аталған сомаларды аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге бөлу Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. 2020 жылға арналған облыстық бюджетте қарыздарды өтеу 6 866752 мың теңге сомасында қарастырылсын.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. 2020 жылға арналған облыстың жергілікті атқарушы органдарының резерві 1 114 500 мың теңге мөлшерінде бекітілсін.».
Аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Мәслихат хатшысы |
|
М. Құлшар |
|
Мәслихат хатшысы |
|
М. Құлшар |