Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы №32-1 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы
    13 желтоқсандағы №32-1 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5896 тіркелген, 2019 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. 2020-2022 жылдарғаарналған облыстық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 187 085 219 мың теңге:

салықтық түсімдер – 37 470 341мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 352 462 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 000мың теңге;

трансферттер түсімдері – 149 261 416мың теңге;

2) шығындар – 187 868 038 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 43 663 106мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 50 310 450 мыңтеңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 6 647 344 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 500 000мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 500 000мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -44 945 925 мың теңге:

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
44 945 925 мың теңге:

қарыздар түсімі – 46 465 795 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 6 678 591 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 5 158 721 мың теңге.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Қазақстан Республикасының «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 24-баптары қаперге және басшылыққа алынсын:

1) 2020 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің түсімі мен кредиттер 80 766 702 мың теңге жалпы сомасында ескерілсін:

шағын және орта бизнес субъектілерінің салықтық жүктемесін төмендетуге байланысты шығындарды өтеуге – 7 065 145 мың теңге;

төтенше жағдай кезеңінде күшейтілген режимде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз еткен ішкі істер органдарының қызметкерлеріне сыйақы төлеуге – 127 830 мың теңге;

инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеуге – 3 105 785 мың теңге;

ауыл шаруашылығы жануарларын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға – 4 090 576 мың теңге;

агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасын субсидиялауға – 100 000 мың теңге;

саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантинді объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялауға – 10 337 мың теңге;

мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға – 1 000 000 мың теңге;

агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру және сақтандыру шеңберінде субсидиялауға – 500 000 мың теңге;

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге – 2 587 237 мың теңге;

кепілдік берілген  әлеуметтік топтамаға, оның ішінде төтенше жағдайға байланысты азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтармен қамтамасыз етуге –
1 229 608 мың теңге;

арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын енгізуге – 2 763 мың теңге;

үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға – 62 086 мың теңге;

мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайтуға – 163 104 мың теңге;

ымдау тілі маманының қызметін көрсетуге – 44 944 мың теңге;

техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдар тiзбесiн кеңейтуге –
88 333 мың теңге;

Spina bifida диагнозымен мүгедек балаларды бір реттік қолданылатын катетерлермен қамтамасыз етуге – 1 150 мың теңге;

мүгедектерді әлеуметтік қолдауға – 421 615 мың теңге;

кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерге – 41 328 мың теңге;

мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға - 616 мың теңге;

жалақыны ішінара субсидиялауға – 203 995 мың теңге;

жастар практикасына – 1 027 925 мың теңге;

NEET санатындағы жастарға және табысы аз көпбалалы отбасыларға, табысы аз еңбекке қабілетті мүгедектерге жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін гранттарға – 509 522 мың теңге;

ақпараттық жұмысқа – 1 760 мың теңге;

қоғамдық жұмысқа – 892 160 мың теңге;

мемлекеттік халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін жұмыскерлердің жалақысына қосымша ақылар белгілеуге – 584 070 мың теңге;

жаңалық телебағдарламаларының трансляциясын сурдоаудармамен сүйемелдеуді қамтамасыз етуге – 9 707 мың теңге;

мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға – 1 059 695 мың теңге;

мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге – 149 613 мың теңге;

орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге – 705 367 мың теңге;

мемлекеттік орта білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға – 8 925 225 мың теңге;

мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге - 4 330 507 мың теңге;

«Жас маман» жобасы шеңберінде колледждер үшін жабдықтар сатып алуға – 1 256 647 мың теңге;

мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға – 933 670 мың теңге;

мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге –
81 093 мың теңге;

көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға – 86 298 мың теңге;

техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендия мөлшерін ұлғайтуға және жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы бағыт бойынша төленген сомаларды өтеуге – 97 585 мың теңге;

медициналық ұйымның жыныстық құмарлықты төмендететін, сот шешімі негізінде жүзеге асырылатын іс-шараларды өткізуге – 506 мың теңге;

қаржы лизингі шарттарымен сатып алынған санитариялық көлік бойынша лизинг төлемдерін өтеуге – 163 145 мың теңге;

вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға – 1 298 667 мың теңге;

саламатты өмір салтын насихаттауға – 89 659 мың теңге;

ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыруға – 95 622 мың теңге;

жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақысын арттыруға – 35 173 мың теңге;

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендия мөлшерін ұлғайтуға және шығыстардың осы бағыты бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленген сомаларды өтеуге – 35 483 мың теңге;

мемлекеттік мәдениет ұйымдарының және архив мекемелерінің басқарушы және негізгі персоналына мәдениет ұйымдарындағы және архив мекемелеріндегі ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдык айлықақысына қосымша ақылар белгілеуге – 1 148 443 мың теңге;

«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға – 4 609 990 мың теңге;

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беруге – 39 000 мың теңге;

«Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және Басым жобаларды кредиттеу тетігі шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға және кепілдік беруге – 1 891 272 мың теңге;

көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға –
7 416 256 мың теңге;

 «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) реконструкциялауға – 3 424 763 мың теңге, соның ішінде:әлеуметтік-осал топтар үшін тұрғын үй салуға – 1 324 763 мың теңге, аз қамтылған көпбалалы отбасылар үшін тұрғын үй салуға – 2 100 000 мың теңге;

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға және (немесе) жайластыруға – 2 234 397 мың теңге;

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 861 865 мың теңге;

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға – 4 702 032 мың теңге;

газ тасымалдау жүйесін дамытуға – 176 211 мың теңге;

жылу-энергетика жүйесін дамытуға – 871 493 мың теңге;

Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндешағын және моноқалалардағы бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға – 283 651 мың теңге;

Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамытуға – 148 486 мың теңге;

индустриялық инфрақұрылымды дамытуға – 1 201 216 мың теңге;

көліктік инфрақұрылымды дамытуға – 722 248 мың теңге;

нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға кредит беруге – 3 879 990 мың теңге;

мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға бюджеттік кредиттер беруге – 2 246 723 мың теңге;

облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит беруге – 500 000 мың теңге;

кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге кредит беруге – 458 283 мың теңге;

облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жылумен жабдықтау жүйелерін реконструкциялау және құрылыс үшін кредит беруге – 516 418 мың теңге;

облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкция және құрылыс үшін кредит беруге – 218 414 мың теңге.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. 2020 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге облыстық бюджет қаражат есебінен бөлінетін нысаналы даму трансферттері мен ағымдағы нысаналы трансферттер 10 128 106 мың теңге жалпы сомасында қарастырылғаны ескерілсін, соның ішінде:

3 828 726 мың теңге – ағымдағы нысаналы трансферттер;

6 299 380 мың теңге – нысаналы даму трансферттері.

Аталған сомаларды аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге бөлу Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.».

аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  2. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Мәслихат хатшысы

 

М. Құлшар

Мәслихат хатшысы

 

М. Құлшар

Қосымша

Дата публикации
08 мая 2020