О внесении изменений в решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 13 декабря 2019 года № 32-1 «Об областном бюджете на 2020-2022 годы»

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы
    13 желтоқсандағы №32-1 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5896 тіркелген, 2019 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. 2020-2022 жылдарғаарналған облыстық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 173 668 599 мың теңге:

салықтық түсімдер– 41 347 871 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 352 462 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 000мың теңге;

трансферттер түсімдері – 131967 266мың теңге;

2) шығындар – 170 732 843 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 46 673 926мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 53 321 270 мыңтеңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 6 647 344 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 1 307 755мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 1 307 755мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) –  -45 045 925 мың теңге:

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
45045 925 мың теңге:

қарыздар түсімі – 46 565 795 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 6 678 591 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 5 158 721 мың теңге.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. 2020 жылға арналған облыстық бюджетте облыстың жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн шығаратын мемлекеттiк бағалы қағаздары шығарылымынан түсетін түсімдер 38 645 967 мың теңге сомасында, соның ішінде Жұмыспен қамту жол картасының шеңберіндегі шараларды қаржыландыру үшін 25 620 000 мың теңге, тұрғын үй құрылысын қаржыландыру үшін 13 025 967 мың теңге ескерілсін.»;

аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (Е.Қалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  2. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Н. Сатбаев

Мәслихат хатшысы

 

М. Құлшар

Қосымша

Дата публикации
13 апреля 2020