Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы
13 желтоқсандағы №32-1 «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5896 тіркелген, 2019 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. 2020-2022 жылдарғаарналған облыстық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 172968 599 мың теңге:
салықтық түсімдер– 40647 871 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 352 462 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 000мың теңге;
трансферттер түсімдері – 131967 266мың теңге;
2) шығындар – 170032 843 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 15053 926мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 21 701 270 мыңтеңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 6 647 344 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 1 307 755мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 1 307 755мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -13 425 925 мың теңге:
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
13425 925 мың теңге:
қарыздар түсімі – 14 945 795 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 6 678 591 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 5 158 721 мың теңге.»;
3-тармақта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«1) 2020 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің түсімі мен кредиттер 63 572 552 мың теңге жалпы сомасындаескерілсін:»;
жиырма жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге – 677 760мың теңге;»;
6-тармақ 5)-тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын:
«5) Ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге келесі пайыздарда есепке алынады:
Орал қаласы, Ақжайық, Бөкей ордасы, Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Бәйтерек, Казталов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі және Шыңғырлау – 100%.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. 2020 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге облыстық бюджет қаражат есебінен бөлінетін нысаналы даму трансферттері мен ағымдағы нысаналы трансферттер 12 013 035мың теңге жалпы сомасында қарастырылғаны ескерілсін, соның ішінде:
3 828 726 мың теңге – ағымдағы нысаналы трансферттер;
8184 309 мың теңге – нысаналы даму трансферттері.
Аталған сомаларды аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттерге бөлу Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.».
аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Сессия төрағасы |
|
С. Потиченко |
|
Мәслихат хатшысы |
|
М. Құлшар |