БЮДЖЕТТІ ОРЫНДАУ САТЫСЫНДА БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2020-2022 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

2020 жылға Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен 4 бюджеттік бағдарлама жүзеге асырылды.

001 «Экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру мен дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» 2020 жылға 156,279 млн. теңге бөлінді, игерілгені 156,210 млн. теңге, 99,96 % құрайды. 2019 жылғы ұқсас кезеңде 152,707 млн. теңге игерілді. Ағымдағы жылы шығыстардың төмендеуі штаттық бірліктің қысқаруымен және аппаратты қамту шығыстарының азаюымен байланысты. Бұл бюджеттік бағдарлама экономикалық саясатты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін қалыптастыру мен дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жергілікті деңгейде іске асыру жөніндегі шығыстарды қамтиды: негізгі персоналдың еңбегіне ақы төлеу, әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар, МӘМС міндетті аударымдарды аудару, техникалық персоналдың еңбегіне ақы төлеу, отын, жанар-жағар май материалдарын сатып алу, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу, ел ішіндегі және елден тыс жерлерге іссапарлар мен қызметтік сапарлар, өзге де қорларды сатып алу, материалдық қорлар /кеңсе тауарлары/ мен кеңсе жабдықтарын сатып алу.  Басқармаға жүктелген функцияларды орындауға қажетті кадр құрамы 47,5 бірлікті құрайды, соның ішінде 41 бірлік мемлекеттік қызметшілер және 6,5 бірлік техникалық персонал.

       003 «Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» 2020 жылға бюджетпен бөлінгені – 17,409 млн. теңге, игерілгені – 17,409 млн. теңге.  Ұқсас кезең үшін шығыстар 22,368 млн. теңгені құрады.  Бұл қаражаттар бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуге бағытталды. 3 жобаның конкурстық құжаттамалары бойынша сараптамалық қорытындылары берілді.

          007 «Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер» 2020 жылға бюджетпен бөлінгені 2246,723 млн. теңге, игерілгені – 2246,723 млн. теңге. 2019 жылдың ұқсас кезеңіне игерілгені – 1613,475 млн. теңге. Шығыстардың өсуі мамандар санының ұлғаюы есебінен жүруде. Бұл бағдарлама бойынша ауылдық жерлерге әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарын тарту үшін тұрғын үй сатып алуға немесе салуға жас мамандарға кредиттер беру қарастырылған. 2020 жылы облыс аудандарына 536 жас маманды тарту жоспарланып, нақты 576 маман тартылды.

061 «Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия мәселелері жөніндегі құжаттаманы сараптау және бағалау»  2020 жылға бюджетпен бөлінгені – 2,097 млн. теңге, игерілгені – 2,097 млн. теңге. Үқсас кезең үшін шығыстар 5,367 млн. теңгені құрады. Бағдарламаны орындау  мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы жүзеге асыруға мақұлданған мемлекеттік инвестициялық жобаларды, сонымен қатар бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға жоспарланатын облыстық бюджет шығыстарын азайту мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестік концепцияларын ұлғайтуды қамтамасыз етті. 7 жобаның конкурстық құжаттамалары бойынша сараптамалық қорытындылары берілді.

  

12  қаңтар  2021 ж.

Дата публикации
12 января 2021