2026 жылғы қаңтар – маусымында өнеркәсіп өнімдері 2581,4 млрд теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі – 90,7%.
Тау-кен өндірісі саласында нақты көлем индексі 89,3%, өңдеу саласында 99,5% құрады.
Газ өндірісінің көлемі 15786,1 млн. текше метр құрады, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңінен 11,2%-ке төмен, газ конденсаты – 7680,7 мың тонна немесе 87,9%.
- Резеңке және пластмасса бұйымдары – 17,3%-ке, металлургия өнеркәсібі өнімдері – 12,0%-ке, тамақ өнімдері – 8,2%-ке, жиһаз – 8,4%-ке өсуі байқалады.
- Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 214,3 млрд теңге немесе 2025 жылдың тиісті кезең деңгейіне 105,0% құрады.
- Негізгі капиталға инвестициялар 446,3 млрд теңге құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар – тамыз деңгейінен 5,3%-ға өсті.
- 2026 жылы жалпы сомасы 426,9 млрд. теңгеге 2036 жұмыс орын құрумен 38 жоба іске асыру жоспарлануда.
- Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 2026 жылдың 1 қыркүйегіне 12,7%-ке төмендеді және 52,1 мың бірлікті құрады.
- ШОБ субъектілерімен 2026 жылдың қаңтар-наурызында 649,4 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңінен 11,9%-ке төмен.
- 333,0 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2025 жылғы қаңтар – тамызына 101,0%.
- Құрылыс жұмыстарының көлемі 218,3 млрд теңге құрады, бұл 2025 жылдың тиісті кезең деңгейінен 13,4%-ға көп.
- Бөлшек тауар айналымының көлемі 430,6 млрд теңге, 2025 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 101,2% құрады.
- ЕАЭО елдер есебімен сыртқы сауда айналымы 2026 жылғы қаңтар – шілдеде 4051,4 млн АҚШ долларын құрап, 2025 жылғы сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 12,7%-ға төмендеді.
- Көлік қызметінің көлемі 152,7 млрд теңгені немесе 96,3% құрады. 23,6 млн тонна жүк және 40,9 млн жолаушы тасымалданды немесе 2025 жылдың тиісті кезең деңгейіне сәйкесінше 96,6% және 102,7%.
- Инфляцияның жалпы деңгейі (2025 жылғы желтоқсанға) 106,5% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 6,1%-ға өсті, азық-түлік емес тауарлар – 6,9%-ке, ақылы қызметтер – 6,7%-ға.
Мемлекеттік бюджетке қаңтар-тамыз айларында 339,6 млрд.теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсті (болжамға – 64,2%), соның ішінде республикалық бюджетке – 182,6 млрд. теңге (52,8%), жергілікті – 156,9 млрд. теңге (85,7%).
- Жұмыс күші санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі – 5,2%. Есепті кезеңде 8660 жұмыс орны құрылды, 14 749 адам жұмысқа орналастырылды.
- 2026 жылғы ІІ тоқсандағы орташа айлық еңбекақы 402 028 теңге құрады немесе 2025 жылғы сәйкесінше деңгейіне 106,1%.