Батыс Қазақстан облысының 2026 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

2026 жылғы қаңтар - сәуірінде өнеркәсіп өнімдері 1332,0 млрд теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі – 88,4%.

Тау-кен өндірісі саласында нақты көлем индексі 86,4%, өңдеу саласында 103,4% құрады.

  • Газ өндірісінің көлемі 7818,8 млн. текше метр құрады, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңінен 13,9%-ке төмен, газ конденсаты – 3793,1 мың тонна немесе 85,2%.
  • Мұнайды қайта өңдеу өнімдері – 3,5%-ке, резеңке және пластмасса бұйымдары – 41,9%-ке, басқа металл емес минерал өнімдер – 24,0%-ке, машина жасау – 16,6%-ке, металлургия өнеркәсібі – 5,0%-ке, жиһаз – 25,6%-ке өсуі байқалады.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 55,4 млрд теңге немесе 2025 жылдың тиісті кезең деңгейіне 104,4% құрады.

Негізгі капиталға инвестициялар 182,6 млрд теңге құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар – сәуір деңгейінен 17,0%-ға артық.

2026 жылы жалпы сомасы 428,1 млрд теңгеге 2 415 жұмыс орын құрумен 54 жоба іске асырылуда.

Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 2026 жылдың 1 мамырына 9,0%-ке төмендеді және 53,8 мың бірлікті құрады.

ШОБ субъектілерімен 2025 жылдың қаңтар-желтоқсанында 2945,4 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңінен 6,0%-ке төмен.

128,3 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2025 жылғы қаңтар - сәуіріне 102,2%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 69,3 млрд теңге құрады, бұл 2025 жылдың тиісті кезең деңгейінен 17,0%-ға көп.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 196,9 млрд теңге, 2025 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 100,6% құрады.

ЕАЭО елдер есебімен сыртқы сауда айналымы 2026 жылғы қаңтар-наурыз айында 1383,1 млн АҚШ долларын құрап, 2025 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 30,5%-ға төмендеді.

Көлік қызметінің көлемі 79,4 млрд теңгені немесе 102,0% құрады. 12,9 млн тонна жүк және 20,8 млн жолаушы тасымалданды немесе 2025 жылдың тиісті кезең деңгейіне сәйкесінше 99,1% және 105,0%.

Инфляцияның жалпы деңгейі (2025 жылғы желтоқсанға) 104,2% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 3,9%-ке өсті, азық-түлік емес тауарлар – 3,6%-ке, ақылы қызметтер – 5,3%-ке.

Мемлекеттік бюджетке 187,0 млрд теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсті (болжамға – 70,3%), соның ішінде республикалық бюджетке – 103,1 млрд. теңге (55,7%), жергілікті – 83,9 млрд. теңге (103,8%).

Жұмыс күші санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі – 4,8%. Есепті кезеңде 4095 жұмыс орны құрылды, 4699 адам жұмысқа орналастырылды.

2026 жылғы қаңтар-наурызда орташа айлық еңбекақы 387 694 теңге құрады немесе 2025 жылғы сәйкесінше деңгейіне 107,1%.

Дата публикации
08 июня 2026