2026 жылғы қаңтар - ақпанында өнеркәсіп өнімдері 889,2 млрд теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі – 84,7%.
Тау-кен өндірісі саласында нақты көлем индексі 82,8%, өңдеу саласында 100,3% құрады.
Газ өндірісінің көлемі 5789,4 млн. текше метр құрады, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңінен 17,2%-ке төмен, газ конденсаты – 2791,5 мың тонна немесе 81,8%.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 36,4 млрд теңге немесе 2025 жылдың тиісті кезең деңгейіне 104,6% құрады.
Негізгі капиталға инвестициялар 135,4 млрд теңге құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар –наурыз деңгейінен 22,3%-ға артық.
2026 жылы жалпы сомасы 428,1 млрд теңгеге 2 415 жұмыс орын құрумен 54 жоба іске асырылуда.
Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 2026 жылдың 1 сәуірінде 5,3%-ке төмендеді және 55,8 мың бірлікті құрады.
ШОБ субъектілерімен 2025 жылдың қаңтар-желтоқсанында 2945,4 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңінен 6,0%-ке төмен.
92,5 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2025 жылғы қаңтар - наурызына 105,1%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 49,7 млрд теңге құрады, бұл 2025 жылдың тиісті кезең деңгейінен 17,4%-ға көп.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 147,0 млрд теңге, 2025 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 100,5% құрады.
ЕАЭО елдер есебімен сыртқы сауда айналымы 2026 жылғы қаңтар-ақпан айында 948,4 млн АҚШ долларын құрап, 2025 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 24,2%-ға төмендеді.
Көлік қызметінің көлемі 60,8 млрд теңгені немесе 104,6% құрады. 9,7 млн тонна жүк және 15,3 млн жолаушы тасымалданды немесе 2025 жылдың тиісті кезең деңгейіне сәйкесінше 104,6% және 105,6%.
Инфляцияның жалпы деңгейі (2025 жылғы желтоқсанға) 103,0% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 2,6%-ке өсті, азық-түлік емес тауарлар – 2,8%-ке, ақылы қызметтер – 4,1%-ке.
Мемлекеттік бюджетке 143,5 млрд теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсті (болжамға – 75,8%), соның ішінде республикалық бюджетке – 83,7 млрд. теңге (59,9%), жергілікті – 59,8 млрд. теңге (120,5%).
Жұмыс күші санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі – 4,7%. Есепті кезеңде 3059 жұмыс орны құрылды, 3442 адам жұмысқа орналастырылды.
2025 жылғы қаңтар-желтоқсанда орташа айлық еңбекақы 371 091 теңге құрады немесе 2024 жылғы сәйкесінше деңгейіне 106,6%.