GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Басқарма туралы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
20 октября 2026
Мектеп оқушылары арасында діни экстремизмнің алдын алу және зайырлылық қағидаттарын түсіндіру жұмыстары жалғасуда

2026 жылғы 12–16 қазан аралығында Орал қаласы мен оған қарасты елді мекендердегі мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында діни экстремизмнің алдын алу және зайырлы мемлекет қағидаттарын түсіндіру бағытында ақпараттық-түсіндіру шаралары өткізілді.

Аталған шаралар Орал қаласындағы №1, 2, 4, 6, 7, 8, 12, 24, 28, 32, 33, 36, 38, 42, 45, 47, 48, 49, 50, 52 мектептерінде, сондай-ақ Вальдорф мектебінде және Серебряково мен Круглоозерный елді мекендеріндегі білім беру ұйымдарында ұйымдастырылды.

Кездесулердің негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында діни экстремизм мен радикалды идеологиялардың алдын алу, діни сауаттылықты арттыру, зайырлы мемлекет ұғымын түсіндіру және жастардың бойында сыни ойлау мен ақпаратты дұрыс саралау дағдыларын қалыптастыру.

Түсіндіру жұмыстары барысында Қазақстан Республикасының зайырлы мемлекет ретіндегі мәртебесіне, ар-ождан және діни сенім бостандығына, мемлекет пен діннің арақатынасына қатысты мәселелерге назар аударылды. Сонымен қатар діни экстремизмнің қоғамға тигізетін кері әсері, радикалды көзқарастардың ықпалына түсу қаупі және интернет кеңістігіндегі күмәнді ақпараттарды ажырата білудің маңыздылығы түсіндірілді.

Оқушыларға толеранттылықты сақтау, өзге адамдардың діни сенімдері мен көзқарастарына құрметпен қарау, қоғамдағы өзара сыйластық пен келісімді нығайту жөнінде ақпарат берілді. Сондай-ақ күмәнді діни мазмұндағы материалдарға сыни көзқараспен қарап, ақпарат көздерінің сенімділігін тексерудің маңыздылығы атап өтілді.

Мұндай кездесулер өскелең ұрпақтың құқықтық және діни сауаттылығын арттыруға, экстремистік идеологиялардың алдын алуға, жастар арасында зайырлылық құндылықтарын түсіндіруге және қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған.

Қазіргі уақытта білім беру ұйымдарында діни экстремизмнің алдын алу және зайырлы мемлекет қағидаттарын түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

 

18 сентября 2026
Бала қауіпсіздігі – басты назарда

2026 жылғы 17 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы мен дін істері басқармасының бірлескен ұйымдастыруымен «Бала қауіпсіздігі – басты назарда» тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасында деструктивті діни идеологиялардың таралуының алдын алу, сондай-ақ білім беру ұйымдары мен тиісті мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту.

Кездесу аясында Дін мәселелерін зерттеу орталығы басшысының орынбасары А. Бабаханов педагогтер мен мектеп әкімшілігінің өкілдеріне арналған арнайы семинар өткізді.

Семинар барысында «Рухани иммунитет – тұлғалық деградацияның алдын алу» тақырыбы кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, жасөспірімдердің дүниетанымына кері әсер етуі мүмкін деструктивті идеялар мен ақпараттарды ерте анықтау және олардың алдын алу, оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, сондай-ақ рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар қазіргі ақпараттық кеңістікте, оның ішінде әлеуметтік желілерде таралатын күмәнді діни мазмұндағы материалдардың жастарға ықпалы, мұндай ақпараттарды ажырату жолдары және оқушылармен профилактикалық жұмысты тиімді ұйымдастыру мәселелері түсіндірілді.

Мамандар бала мінез-құлқындағы, қызығушылықтары мен әлеуметтік ортасындағы өзгерістерді дер кезінде байқап, қажет болған жағдайда ата-ана, педагог және тиісті мамандар арасында жүйелі әрі тиімді байланыс орнатудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында білім беру ұйымдарындағы профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру, балалар мен жасөспірімдер үшін қауіпсіз ақпараттық орта қалыптастыру, сондай-ақ туындаған мәселелер бойынша тиісті мамандармен бірлесіп әрекет ету бағыттары қарастырылды.

Іс-шара соңында қатысушылар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, тәжірибеде кездесетін жағдайларға қатысты сұрақтарын қойды. Мамандар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті түсіндірмелер мен ұсыныстар берілді.

Аталған кездесу балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға және білім беру ұйымдарында деструктивті идеологиялардың алдын алуға бағытталған жүйелі профилактикалық жұмысты одан әрі жетілдіруге мүмкіндік берді.

16 сентября 2026
Жастар арасында діни сауаттылықты арттыру бағытында кездесулер өткізілді

2026 жылдың 8–11 қыркүйек аралығында жастардың діни сауаттылығын арттыру, діни экстремизм мен радикалды идеологияның алдын алу мақсатында білім беру ұйымдарының студенттерімен бірқатар ақпараттық-түсіндіру кездесулері өткізілді.

Кездесулер «Жастарға кеңес» жобасы аясында Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде, Жоғарғы аграрлық-техникалық колледжінде және Ж. Досмұхамедов атындағы колледжде ұйымдастырылды. Іс-шараларға М. Кабдоллин, А. Бабаханов және Ж. Сафиуллин қатысты.

Кездесулер барысында жастардың діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі діни құндылықтарды дұрыс түсіндіру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ жастар арасында деструктивті діни ағымдардың таралуына жол бермеу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар әлеуметтік желілерде таралатын діни сипаттағы ақпараттарға сыни көзқараспен қарау, діни ақпаратты сенімді дереккөздерден алу, радикалды идеологияның белгілерін ажырата білу және интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Студенттерге радикалды діни ағымдардың идеологиялық ықпалына түспеудің жолдары түсіндіріліп, зайырлы мемлекет қағидаттарын сақтау мен қоғамдағы өзара құрмет және толеранттылық құндылықтарының маңызы айтылды.

Кездесу барысында студенттердің сұрақтарына жауап беріліп, пікір алмасу ұйымдастырылды.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жастар арасында діни сауаттылықты арттыруға, деструктивті діни идеологиялардың алдын алуға және қоғамдағы тұрақтылық пен өзара түсіністікті нығайтуға бағытталды.

16 сентября 2026
Діни экстремизмнің алдын алу және қоғамдық келісімді нығайту мәселелері талқыланды

2026 жылғы 8 қыркүйекте Достық үйінде Дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Ж. Сафиуллиннің қатысуымен медиаторлар және этнос өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында қоғамдық тұрақтылық пен келісімді сақтау, конфессияаралық және этносаралық татулықты нығайту, сондай-ақ діни мәселелер бойынша қоғамда дұрыс әрі объективті ақпарат қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Іс-шарада діни экстремизм мен радикалды идеологияның алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңыздылығы атап өтілді. Қатысушыларға дін мәселелерінде дұрыс ақпаратты тарату, діни сауаттылықты арттыру және қоғамда орын алуы мүмкін келеңсіз жағдайлардың алдын алу бағытындағы жұмыстардың өзектілігі түсіндірілді.

Сонымен қатар қоғамдық келісімді нығайту, азаматтардың діни мәселелерге қатысты ақпаратты дұрыс қабылдауына ықпал ету және алдын алу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу жөнінде пікір алмасты.

Кездесу қорытындысында қоғамдағы тұрақтылықты сақтау және конфессияаралық татулықты нығайту бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңыздылығы атап өтілді.

04 августа 2026
Алексей Михайлович Шуковты еске алу

Алексей Михайлович Шуковтың өмірден өткеніне 40 күн толып отыр. Ол саналы ғұмырын Батыс Қазақстан облысындағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды дамытуға арнаған тұлға еді.

Алексей Михайлович 1930 жылғы 25 қазанда Орал облысы Тайпақ ауданының Лебедок ауылында (қазіргі Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы) дүниеге келген.

Мамандығы бойынша тарихшы, ұстаздықты өмірлік мұраты еткен ол ұзақ жылдар бойы білім беру саласында еңбек етті. 1961 жылдан бастап №121 қалалық кәсіптік-техникалық училищенің директоры қызметін атқарды, ал 1965–1977 жылдары Қазақстан Компартиясы Орал облыстық комитетінің лекторы болды.

1977 жылғы маусымнан 1990 жылға дейін Алексей Михайлович КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Дін істері жөніндегі кеңестің Орал облысы бойынша уәкілі қызметін атқарды. Осы жауапты қызметте ол мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды дамытуға, дін ұстанушылардың құқықтарын қорғауға, діни экстремизм көріністерінің алдын алуға, сондай-ақ өңірдің тарихи-мәдени мұрасын сақтауға елеулі үлес қосты.

Оның қолдауымен Орал қаласындағы көне мешіт ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Мәскеу мемлекеттік университеті тарих факультетінің археографиялық экспедициясына ескі сенімдегілер қауымдарының сирек кездесетін көне кітаптарын сақтау жұмыстарына жан-жақты қолдау көрсетіп, осы еңбегі үшін Мәскеу мемлекеттік университеті ректорының Алғыс хатымен марапатталды.

Көпжылдық адал еңбегі үшін Алексей Михайлович мемлекеттік медальдармен марапатталды, ал 1980 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасына ие болды.

Батыс Қазақстан облысының Дін істері басқармасының ұжымы Алексей Михайловичтің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Оның есімі өңірдегі діни саладағы мемлекеттік саясаттың қалыптасуы мен дамуы тарихында мәңгі сақталады.

23 июня 2026
Хабарландыру

 

2026 жылғы ІІІ тоқсанда Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының басшысы А.Тапишевтің Азаматтарды қабылдау орталығында азаматтарды қабылдау кестесі

 

19 мая 2026
Батыс Қазақстан облысында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерімен кездесулер өтті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің қолдауымен 2026 жылғы 18-22 мамыр аралығында Батыс Қазақстан облысында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы (РАТТ) мүшелерінің қатысуымен тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Іс-шаралардың негізгі мақсаты – халықтың діни сауаттылығын арттыру, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру, қоғамда жалған діни идеялардың таралуына жол бермеу және діни экстремизмнің алдын алу.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына жергілікті тұрғындар, мектеп оқушылары, студент жастар, мемлекеттік қызметкерлер, спортшылар мен жаттықтырушылар және өзге де әлеуметтік топ өкілдері қатысты.

Кездесулерге Республикалық деңгейдегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері: Сапар Айсұлтан Нұрлыбекұлы – Ақтөбе қаласындағы «Ихсан» орталығының теолог маманы; Кабдоллин Мейрамбек Ержанұлы – Дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы, дінтанушы; Нұрахметұлы Арман – «Qamqor-Astana» қоғамдық қорының «Ақпараттық-түсіндіру жұмысы» бөлімінің лекторы; Бабаханов Абдувахид Абытханұлы – Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасы Дін мәселелерін зерттеу орталығы басшысының орынбасары, исламтанушы қатысты.

Түсіндіру тобының мүшелері халық арасында «Зайырлы мемлекеттегі діни қатынастар», «Жастар арасында рухани құндылықтарды түсіндіру және діни сауаттылықты арттыру», «Деструктивті жалған діни ағымдарға тарту әдістері», «Қазақстан Республикасындағы зайырлылық қағидасының маңызы», «Зайырлылық қағидаты – Қазақстан Республикасының болашағының кепілі», «Зайырлы қоғам: дін мен дәстүрдің өзара байланысы», «Дін мен мемлекет қатынастары», сондай-ақ Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік мәселелері бойынша кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Атап айтқанда, 18 мамыр күні Орал қаласында бірқатар маңызды кездесулер ұйымдастырылды. РАТТ мүшесі, Ақтөбе қаласындағы «Ихсан» орталығының теолог маманы Сапар Айсұлтан Нұрлыбекұлының қатысуымен «Мақсат» жоғары медициналық колледжінде, Олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде, облыстық ауруханада және Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда ақпараттық-түсіндіру шаралары өтті.

Кездесулер барысында жастар мен тұрғындарға дәстүрлі рухани құндылықтарды сақтау, деструктивті діни ағымдардың алдын алу, интернет кеңістігіндегі күмәнді діни ақпараттардан сақтану және ресми діни ақпарат көздеріне жүгіну қажеттігі жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға мамандар тарапынан нақты әрі мазмұнды жауаптар ұсынылды.

Осындай ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары алдағы уақытта да облыс аумағында жалғасатын болады.

29 апреля 2026
Оралда конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды

2026 жылғы 29 сәуірде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай облыс әкімі Н.Төреғалиевтің қатысуымен өңірдегі конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған «YNTYMAQ» комьюнити орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Орталық дін істері басқармасының бастамасымен қызмет ететін келесі міндеттерді қамтиды:

  • Мемлекет басшысының 2026 жылды «Жасанды интеллект жылы» деп жариялау бастамасына сәйкес, дін саласындағы жұмысты жаңа цифрлық деңгейге көтеру. «YNTYMAQ BQO» мобильді жүйесін құру арқылы күрделі мәселелердің шешімін жедел табуға арналған бірегей цифрлық құралды іске қосу;
  • Азаматтарға «бір терезе» қағидаты бойынша кәсіби теологиялық және заңгерлік көмек көрсету;
  • Түрлі конфессия өкілдерінің басын қосып, рухани тұрақтылықты нығайту бойынша ашық алаң қалыптастыру;
  • Өңірдегі діни ахуалға конфессияаралық тұрғыдан терең сараптама жүргізу және діни алауыздықтың алдын алу шараларын ұйымдастыру.

Орталықтың негізгі мақсаты – өңірдегі діни ахуалды тұрақтандыру, діни бірлестіктер арасындағы сындарлы диалогты дамыту және деструктивті идеологияларға қарсы тұрудың заманауи алаңын қалыптастыру болды. Сонымен қатар, «бір терезе» қағидаты бойынша азаматтарға теологиялық және заңгерлік кеңес беру көзделді.

24 февраля 2026
Жаңа діни қозғалыстар тақырыбындағы ғылыми семинар өтті

2026 жылғы 6 ақпанда Әл‑Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультетінде дінтану және мәдениеттану кафедрасының магистранттары мен докторанттарына арналған «Жаңа діни қозғалыстар» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Семинарды кафедра докторанттары — Арман Жұмағазиев (ғылыми кеңесшісі — Бегалинова К.К., философия ғылымдарының докторы, профессор) және Әлімжан Абдуллин (ғылыми кеңесшісі — Бишманов К.М., заң ғылымдарының кандидаты, доцент) жүргізді.

Аталған іс-шара кафедра жанындағы «Нұр» дінтану клубы аясында ұйымдастырылып, докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері таныстырылды. Ә.Абдуллин Орталық Азиядағы жаңа діни қозғалыстардың қалыптасуына негіз болған тіркелмеген діни топтардың қызметі туралы тарихи материалдар ұсынылған слайдтарды көрсетті. Ал А.Жұмағазиев кеңестік кезеңіндегі евангелиялық христиан протестанттық бірлестіктерінің бөлінуінің тарихи мысалдарын келтіре отырып, жаңа діни қозғалыстардың қалыптасу үдерістері туралы баяндады.

Ғылыми семинарға қатысушылар мен қонақтар, олардың қатарында Алматы қаласының дін істері басқармасының мамандары, кафедра басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы болды. Олар баяндамашылардың теориялық дайындығын және материалды ұсынудағы өзіндік ерекшелігін жоғары бағалады. Жас зерттеушілер Абдуллин мен Жұмағазиевтің ғылыми жұмыстарының нәтижелері жуық арада ғылыми айналымға енгізіледі деп күтілуде.

04 февраля 2026
Облыстағы діни бірлестіктер басшылары Клубының кезекті отырысы өтті

2026 жылғы 4 ақпанда Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы діни бірлестіктер басшылары клубының кезекті отырысын өткізді.

Отырыс Батыс Қазақстан облысының дін істері басқармасының басшысы А.Н.Тапишевтің кіріспе сөзімен басталып, Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі М.М.Латыповтың, сондай-ақ аға жедел уәкілі, полиция майоры Е.М. Хайруллиннің баяндамаларымен жалғасты.

Отырыс барысында қатысушыларға террористік тұрғыдан осал объектілер бойынша қолданыстағы заңнама талаптары, тәуекелдердің алдын алу және уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл тәртібі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мұндай кездесулер диалогты дамытуға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және өңірде конфессияаралық келісімді нығайтуға ықпал етеді.

Социальные сети
Din BQO
КГУ ЦИПР ЗКО
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы