
2025 жылдың 27-28 ақпанында Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде «ErkinSoyle» тақырыбында облысымыздың ақпараттық-түсіндіру тобына арналған семинар тренинг ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – дін саласында түрлі сұрақтарға жауап беретін, тұрғындармен, нысаналы топтармен жұмыс жасайтын мамандардың біліктілігін арттыру, аудиторияда еркін сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Семинар барысында Дін мәселелерін зерттеу орталығының оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Абдувахид Бабаханов «Дін мен мемлекеттің қарым қатынасы», белгілі тележүргізуші Гүлнәз Әлімгерей «Шешендік өнер» және Х.Бөкеева қазақ драма театрының актері Нұржігіт Сейтмағанбетұлы «Дін мен діл» тақырыбы бойынша мамандарға дәріс оқыды.
Бірінші күні мамандар теориялық білім алып, кейін белгілі бір тақырыпта сөйлеуге машықтанды.
Шарамыздың екінші күні әр ауданнан келген мамандарды бөліп қаламыздағы 11 колледжге тәжірбие алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әр топты бағалау мен бақылауды Басқарма мен Орталықтың мамандары жүргізді.
Шара соңында жалпы жиналыс өтіп, пікір алмасып, мамандар тарапынан сұрақтар қойылып, оқыту бойынша қорытынды жасалды.