
2025 жылдың 13 ақпан күні Дін мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушы маманы А.Бабаханов, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұжымымен кездесті. Кездесу барысында діни сауаттылықты арттыру, діни ахуалдың ағымдағы жағдайы және экстремизм мен радикализацияның алдын алу мәселелері талқыланды.
Кездесуде А.Бабаханов дін мәселелерін түсіндіріп, діни сауаттылықты жоғарылатудың маңыздылығын атап өтті. Ол діни көзқарастардың алуан түрлілігі мен қазіргі әлемдегі діни ағымдардың қоғамға ықпалын талқылап, олардың теріс әсерлеріне қарсы тұрудың жолдарын ұсынды. Дінтанушы маман діни түсініктердің қоғамдағы орны мен адам құқықтарына қатысты заңнаманың негіздерін түсіндіре отырып, әртүрлі діни ағымдардың, әсіресе радикалды діни топтардың қоғамға әсерін егжей-тегжейлі баяндады.
Сонымен қатар, кездесу барысында дінге қатысты Қазақстанның заңнамалық саясатының негізгі бағыттары талқыланды. А.Бабаханов атап өткендей, қазіргі уақытта елімізде діни радикализм мен экстремизмнің таралуына қарсы тиімді заңдар қабылданып, тиісті шаралар қолға алынған. Ол қатысушыларға діни экстремизм мен радикализацияның алдын алу үшін мемлекет тарапынан қабылданып жатырған шаралар мен бағдарламаларды түсіндірді.
Қатысушылардың алдында діни экстремизм мен радикализацияға қарсы іс-шаралар жүргізу қажеттілігі жөнінде кеңестер берілді. А.Бабаханов радикалдық ағымдардың алдын алу және қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтау үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол діни сауаттылықтың арттырылуы халықтың діни сұрақтар бойынша дұрыс әрі ақылға қонымды шешімдер қабылдауына ықпал ететінін, сондай-ақ радикалды идеялардың таралуын болдырмауға мүмкіндік беретінін айтты.
Сонымен, бұл кездесу Қазақстанда діни сауаттылықты арттыру және діни экстремизм мен радикализацияның алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру бағытында жүргізіліп жатқан маңызды жұмыстардың бір бөлігі болып табылады. Қатысушылар бұл тақырып бойынша сұрақтар қойып, өздерінің пікірлерін білдіріп, кездесу барысында алған мәліметтер мен түсініктерді өз жұмысында қолдануға ниет білдірді.