Қазақстан Конституциясына 25 жыл

Қазақстан Конституциясына 25 жыл

Қазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл толуына орай Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 20 тамыздағы №387 Жарлығы бойынша Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының басшысы М.Раманкулов облыстық орталық мешітінің бас имамы Қыстаубаев Мұратбек Мұхтарханұлына «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» төсбелгісін табыс етті. Сонымен қатар, Дін істері басқармасы мен Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұжымын Қазақстан Республикасының Конституция күні - мемлекеттік мерекесімен құттықтап, қызметкерлерді алғыс хаттармен марапаттады.