Батыс Қазақстан облысы әкімі грантына ие болғандар

Батыс Қазақстан облысы әкімі грантына ие болғандар

Жаңа 2020-2021 жылғы оқу жылына Батыс Қазақстан облысы бойынша 4 түлек «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетіне «Дінтану және теология» мамандығы бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен облыс әкімінің білім грантына ие болды.

Білім грантына ие болған барлық студенттерді облыс әкімінің атынан  облыстық дін істері басқармасының басшысы М.Раманкулов құттықтап, куәліктерін табыстады. Сонымен қатар, алдағы оқуларына сәттілік және оқуда озат болуларын тіледі.

Батыс Қазақстан облысы әкімі грантына ие болғандар:

  1. Маратов Жалғас Серікұлы
  2. Бекболатов Дәуренбек Болатұлы
  3. Қайратова Шынар Серікқызы
  4. Карабалина Аружан Талғатқызы