
2025 жылдың 27 қаңтада Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен, облыстық білім басқармасының қолдауымен ақпараттық түсіндіру тобының мүшелерінің қатысуымен мектеп оқушылары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары басталды.
Кездесудің жалпы мақсаты – дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен зайырлылық мәселесін түсіндіру, деструктивті діни ағым идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастырып, қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін, құндылықтарын насихаттау.
Жоспарға сәйкес, Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасы мен Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары, облыстық ақпараттық-түсіндіру топ мүшелері, исламтанушы, дінтанушы мамандардың қатысуымен Орал қалалық №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 16, 17 жалпы орта білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында радикалды идеялар мен экстремизмнің таралуының алдын алу мақсатында ақпараттық- түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жұмыс барысында мамандар жасөспірімдерге радикализацияның белгілері мен қауіпті салдары туралы түсіндіріп, деструктивті идеологияларға қарсы тұрудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, деструктивті діни ағымдардың ықпалына түспеу үшін жеке көзқарастар мен өмірлік ұстанымдарды қалай дұрыс қалыптастыру керектігі туралы кеңестер берілді. Қатысушыларға радикалды көзқарастардың қоғамға тигізетін зияны мен оның жеке адам өміріне әсері туралы нақты мысалдар келтірілді. Мамандар оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, діннің шынайы мәнін түсінудің және дұрыс жолмен өмір сүрудің маңыздылығына тоқталды.
Аталған бағыттағы жұмыстар 2025 жылдың 26 ақпанына дейін жалғасады.