Дін саласындағы «Жыл үздіктері» марапатталды

Дін саласындағы «Жыл үздіктері» марапатталды

2024 жылдың 30 қараша күні дін саласындағы жыл үздіктерін марапаттау үшін қорытынды кеш өткізілді. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда белсенділігі үшін Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының бөлім басшысы Д.Мукателов, бас маман А.Мендигазиева және Дін мәселелерін зерттеу орталығының  дизайнері Ж.Сәрсембі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитеті атынан алғыс хатпен марапатталды.

Қоғамның дамуына серпін беріп, дін саласында елеулі еңбек еткені үшін Дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы М.Кабдоллин және теолог маман Д.Абдувалинов Батыс Қазақстан облысы әкімінен алғыс хат алды.

Өңіріміздің діни ахуалының тұрақты дамуына дін саласындағы саясатын жүргізу бағытындағы еңбектері үшін Тасқала ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Д.Газез, Казталов ауданы ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Саматұлы, Орал қалалық білім беру бөлімінің әдіскері С.Мұратова және Дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары А.Досмагамбетова, Ж.Сафиуллин, Қ.Әлиева және медиа жұмыстарын дамыту бағытындағы еңбегі үшін Б.Адайхан, Ж.Умирбаева, А.Амангалиева Басқарма басшысынан алғыс хатқа ие болды.

Алдағы уақытта да бірлесе отырып, дін саласындағы ақпараттық және ағартушылық жұмыстарды жаңа деңгейге көтерілетіне деп сенеміз.­