
2024 жылдың 30 қазан күні дін істері басқармасының тапсырысы аясында «Ақиқат» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен «21 live» медиа жобасы іске асырылды.
Шараның мақсаты - жергілікті дін саласына тартылған мамандардың жұмысының тиімділігін жандандыру,әлеуметтік желідегі қарсы насихат жұмыстарын жүргізуге,камера алдындағы дағдыларын дамытуға бағытталды.
Шара 21 күнге жалғасып, әр ауданның теолог мамандары өзара бақтарын сынады. Сайыс барысында қатысушылар өз әлеуметтік парақшаларына өңірлердегі ақпараттық түсіндіру жұмыстары мен экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытына арналған видеоматериалдармен бөлісті.
Шараның қорытындысы бойынша 3 орынды Ақжайық ауданының теолог маманы Жалғас Серікұлы (70 мың тг сертификат) иеленсе, 2 орын Бөрлі ауданының теолог маманы - Жакенов Қанатқа (100 мың тг сертификат) бұйырды. Ал жүлделі 1 -ші орынды Шыңғырлау ауданының теолог маманы - Наурызбай Әділхан (150 мың тг сертификат) қанжығасына байлады. Шараға 40 жуық адам ат салысты.