«Шіріген тамыр» қойылымы көрсетілді

«Шіріген тамыр» қойылымы көрсетілді

2024 жылдың 30 қарашасында Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Ақиқат» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Шіріген тамыр» қойылымының премьерасы өтті.
Қойылымның мақсаты – ұлттық-рухани тәрбие және дәстүрлі дін негіздерін сахналық көрсетілім арқылы өңірдегі діндар топтар арасындағы деструктивті ағым өкілдерін қоғамдық құндылықтарға бейімдеу. Жас көрермендер үшін діни радикализм және экстремизм насихатына қарсы бағытта ой-пікір қалыптастыру.
Дін ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің демекші - тәуелсіз еліміздің тарихында жат ағым арбауына еріп, исламның басты ұстанымдарын тәрк етіп, жиһадшыл топтың шақыртуларын қабыл алып қантөгіс даласы Сирияға аттанғандар көп болған еді. Көптеген отбасыларға қасірет әкелген адасушылар ісінің зұлымдығы – қоғам үшін үлкен сабақ алар іс. Өсіп келе жатырған ұрпаққа дін ұстау «қызығушылық»-тан бастау алып үлкен қасіретке әкелмесе деген мақсат сахналық қойылым арқылы көрсетілді.
Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының бас режиссері Алмат Шарипов, қойылым суретшісі Мурат Мамбетов
Шараға қала тұрғындары, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар, еріктілер және т.б. қатысты.