
2024 жылдың 28 қазан – 1 қараша аралығында Батыс Қазақстан облысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (бұдан әрі – РАТТ) мүшелері діндар әйелдер арасында дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу бағытында семинарлар мен әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізді.
Бұл іс-шараларға Атырау облысы, ««Шапағат» ДДА жапа шеккендерге көмек орталығы» ҚҚ теолог маманы - Нургалиева Айнагуль Изтелеуқызы, Астана қаласы «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС, теолог маманы -Қожахметова Талшын Зарқымқызы, «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» КЕАҚ Діни ахуалды талдау және мониторинг департаменті, философия ғ.к., директор – Малғараева Зәуре Боранқұлқызы қатысты.
Іс-шараларды ұйымдастыру барысында, Орал қаласы, Сырым, Ақжайық, Жәнібек және Казталов аудандарының мешіттегі әйел жамағатымен, жастармен, жергілікті тұрғындармен «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі», «Отбасы мен мектептің бала тәрбиесіндегі орны», «Әйелдер арасында рухани құндылықтарды түсіндіру және діни сауаттылықты арттыру» және т.б. тақырыптар аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.